Елімізде жалақы берешегі 200 млн теңгеге жеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жалақы берешегі 200 млн теңгеге жеткен

Елімізде жалақы берешегі 200 млн теңгеге жеткен

Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инпекторларымен 44 кәсіпорында 348 жұмыскер алдында 200 млн. теңге соммасындағы ағымдағы

  • 6 Ақпан 2017
  • 513
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инпекторларымен 44 кәсіпорында 348 жұмыскер алдында 200 млн. теңге соммасындағы ағымдағы жалақы берешегі анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 40 ұйғарым беріліп, 4 млн. теңге соммасында 20 әкімшілік айыппұл салынды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданылған шаралар нәтижесінде 50 млн. теңге соммасында жалақы берешегі төленді. 300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды, оның ішінде республиканың 3 кәсіпорнында қолданылған шаралар нәтижесінде 158 жұмыскердің алдындағы жалпы соммасы 17 млн. теңге болатын жалақы берешегі толығымен төленді, «СП Sareco» ЖШС – 118 жұмыскер алдында 14,9 млн. теңге (Ақмола облысы), «Жамбылгипс» ЖШС – 23 жұмыскер алдында 1,1 млн. теңге, «Жамбылгипсстрой» ЖШС – 12 жұмыскер алдында 1 млн. теңге (Жамбыл облысы).

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен жалақы берешегін анықтау және оны жоюға бағытталған нысаналы шараларды қолдану жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар