Елімізде жанармай бағасы тағы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жанармай бағасы тағы қымбаттады

Елімізде жанармай бағасы тағы қымбаттады

Қазақстанда ең үлкен сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Атап айтқанда, жанармайдың ата

  • 6 Ақпан 2017
  • 938
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда ең үлкен сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атап айтқанда, жанармайдың аталған түрі "ҚазМұнайГаз" бекеттерінде 1 литрі үшін 137-ден 139 теңгеге дейін өссе, АИ-95 маркалы жанармай 150 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Sinooil жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы жанармай бағасы 140 теңгеге дейін шарықтаған. АИ-95 болса 1 литрі үшін 152 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Helios бекеттерінде АИ-92 – 138 теңге, АИ-95 – 150 теңге тұрады.

Бағаның айтарлықтай шарықтауы "Аурика" жанармай бекеттерінде тіркеліп отыр. Мұнда 1 литр АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бірден 145 теңгеге дейін өскен. АИ-95 болса 161 теңгеден сатылуда.


Ресейлік "Газпромнефть" компаниясының бекеттерінде де қымбатшылық. Мұндай АИ-95 – 141 теңге, АИ-95 – 153 теңге.

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" компаниясының басшылары бұған дейін елімізде АИ-92 маркалы жанармай бағасының 145 теңгеге дейін қымбаттайтынын болжаған еді.

Соңғы жаңалықтар