Елімізде жаңа зейнетақы мен жәрдемақының көлемі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа зейнетақы мен жәрдемақының көлемі белгілі болды

Елімізде жаңа зейнетақы мен жәрдемақының көлемі белгілі болды

Жаңа заң бойынша, ең төменгі зейнетақы биыл 1 шілдеден бастап 45 мың 711 теңге, ал орташа зейнетақы 66 мың 676 теңге болады. Келесі жылы базалық зейнетақыны есептеу әдісі де өзгереді. Енді азаматтардың 1998 жылға дейінгі және одан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі есепке алынбақ. Сондай-ақ, бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақы да 20 пайызға артады. Биыл қаңтардан бастап дүниеге келген бірінші, екінші, үшінші балаға 71 мың 270 теңге төленуде. Шілдеде бұл сома 86 мың 222 теңгеге көтеріледі екен. Ал төртінші баласын туған анаға Үкімет 142 мың 947 теңге бермек. Бірақ, зейнетақы мен жәрдемақы бірден емес, кезең-кезеңімен көтеріледі.

“Қаңтардан  бастап 9 пайызға арттырылды.Осы заң жобасын іске асыру үшін 2017 жылы қосымша 81 миллиард 600 миллион теңге керек.Олар республикалық бюджет

  • 28 Ақпан 2017
  • 1891
Фото - Caravan.kz


“Қаңтардан  бастап 9 пайызға арттырылды.Осы заң жобасын іске асыру үшін 2017 жылы қосымша 81 миллиард 600 миллион теңге керек.Олар республикалық бюджетті нақытау кезінде қарастырылды”, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.

Соңғы жаңалықтар