Еліміздегі қылмыстық топтар жаппай тұтқындаудан соң ес жиып, кек ала бастады ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі қылмыстық топтар жаппай тұтқындаудан соң ес жиып, кек ала бастады ма?

Еліміздегі қылмыстық топтар жаппай тұтқындаудан соң ес жиып, кек ала бастады ма?

Алматы мен Алматы облысына қарасты ҰҚКД-нің тергеу абақтысында ҰҚҚ (ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық) жауынгерлері мен жетекшілерін тергеу жалғасып жатыр. Бірақ қылмыс әлемі жуық арада ауыр соққыдан соң ес жия бастауы мүмкін.Ал тұтқындалғандардың орнын өзгелері басады.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 9350
Фото - Caravan.kz

Әрине, еліміздегі екі ірі күштік құрылымдар ІІМ мен ҰҚК-ның арнайы операциялары қылмыс әлемін біраз саябырсытып тастады, деп жазды "КАРАВАН" газеті. Олардың жетекшілерінің қолға түсуі өзара қырқыстың жолын кесті.

Күдікке алынған алғашқы 17 адам: Д. Байғабатов, А. Яхярев Б. Қасабеков, Т. Кенебаев, Байсалбаев, И. Қабырова, Б. Арунова, М. Зайнауддин, Р.Рамазантар тергеу абақтысына қамалғалы бері барлық ірі қылмыстық топтар жағдайдың аңдысын бағып отыр. Ұсталғандардың арасында қылмыстық оркестрдың басты дирижерлері Мұратхан Тоқмади мен Әділ Қытай және Шпек бар.

90- жылдары банды болса, қазір кәсіпкер

Қазіргі кездегі ұйымдасқан қылмыстық топтарды 90-шы жылардағы кезеңмен салыстыруға келмейді. Ол жылдары қылмыскер шынында да қылмыскер болатын. Уақыт өте олардың жетекшілері шынай бет бейнесін кәсіпкер кейпінде бүркемелеуге тырысты әрі онысы сәтті шықты. Мысалы қазір кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиға 12 жыл бұрын «Семрюжком» және «Қазстройстекло» ЖШС-ның жарғылық капиталын заңсыз иеленген деген айып тағылып отыр.

Олардың қамқоршысы кім?

Қылмыскерлер жағынан полицияның лауазымды тұлғалары да табылып жатуы ады аталған процесті қиындатып отыр. Қылмыспен күресудің орнына оларды қанатының астына алған. Мәселен арнайы шара барасында Алматы қаласының Әуезов аудандық ІІБ-нің бұрынғы бастығы Қасабеков ұсталды. Бірақ ол жалғыз болмауы ықтимал. Әлі қанша пагон таққан адамның қылмыскерлерге қамқор болып жүргені белгісіз.

Ұйымдасқан қылмыстық топ джип көлігін өртеді ма?

Тамыз айында Қапшағай қаласында джип көлігі өртенді. Полицияның айтуынша көлік қасқана өртелген. Бәлкім бұл, қылмыс әлемінің әлдебіреуге жасаған ескертуі болуы мүмкін. Бейбіт тұрғындар бір бірімен олай байланыспайды. Қысқасы көліктің өртенуі қылмыстық тотардан жеткен өзіндік сәлемдеме деп болжауға болады.

Соңғы жаңалықтар