Еліміздегі тоқалдары бар ең танымал азаматтар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі тоқалдары бар ең танымал азаматтар

Еліміздегі тоқалдары бар ең танымал азаматтар

Соңғы уақытта дастархан басында «көп әйел алу» тақырыбы жиі айтылып жүр. Біреулер «неге біздің елде осы құбылысты заңдастырмасқа?» десе, кейбірі «арнайы заң қабылдау арқылы мәселені одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін» дейді.

  • 12 Қыркүйек 2017
  • 19308
Фото - Caravan.kz

Теоретиктер осының шешімін таппай дал болып жүргенде, біздің жұлдыздарымыз бұл теориялардың ешқайсысына қарамастан, "тоқал" құбылысын практикалық түрде жүзеге асыруда. Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың ата-ана атанғаны туралы жаңалық жұртты дүр сілкіндірді.  

Айқын мен Жұлдыз ӨмірәлиАйқын мен Жұлдыз Өмірәли

Желідегі оқырмандардың бір тобы отбасылы азаматқа ұл тауып берген Жұлдызды сынап жатса, екіншілері бұл ақпарат жалған деп журналистерді қаралап жатыр.

Айқынның айқын мысалы негізінде, Caravan.kz еліміздегі ең танымал "тоқалды" жігіттерімізді еске алуды жөн көрді.

Кайрат Жумалиев Кайрат Жамалиев

Қазақстандағы атышулы тоқалдардың бірі — сотталып кеткен бір кездегі астаналық бай бизнесмен Қайрат Жамалиевтің екінші әйелі Айнур Исина. Ең алғаш 2008 жылы "Астана аруы" (Мисс Астана) байқауынан кейін жұрт назарына ілікті.

Айнур ИсинаАйнұр Исина

Сол жылы "Қазақстан аруы-2008" байқауында бағын сынап, "I вице-мисс" атағына ие болған еді. Қазір 6-жасар ұлын тәрбиелеп отыр.

Тоқтар ТөлешовТоқтар Төлешов

"Сыра патшасы" болған Тоқтар Төлешовтің тоқалы — Дина Нуралиева. Ол "Қазақстан аруы-2005" атағына ие болған. Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Шымкенттік ару 2009 жылғы "Әлем аруы" байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген.


Дина НуралиеваДина Нуралиева

Дина — "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры. Кәсіпкер күйеуге шыққан, кішкентай қызы бар.

Алтынбек ҚоразбаевАлтынбек Қоразбаев

Сандуғаш Стамғазиеваның танымал әнші Алтынбек Қоразбаевтың екінші әйелі екені жалпақ жұртқа белгілі. Рамазан Стамғазиевтің қарындасы Сандуғаш бүгінде үлгілі ана атанған. Қазақ әйелдеріне тән қасиет бала тәрбиелеп үйде отыру болса, Сандуғаш өнерін отбасы үшін құрбан етіп, Алтынбек шаңырағын гүлдендіріп отыр.

Сандуғаш СтамғазиеваСандуғаш Стамғазиева

90-шы жылдары "Сары әулие" деген атпен танымал болған әйгілі емші Марат Есенбаев 4 әйелімен өмір сүруде. Ол Қазақстанның әр аймағына, емдік сеансын өткізуге келген кезде үлкен стадиондардың өзіне халық сыймай қалатын. Кенже әйелі бүгінде 19 жаста ғана.

Сары ӘулиеСары Әулие
Соңғы жаңалықтар