Жарияланды: 220

Еліміздің басым бөлігінде қайтадан жаңбыр жауа бастайды

Еліміздің басым бөлігінде қайтадан жаңбыр жауа бастайды

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел соғады. Батыс пен солтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел соғады — 15-20, ұйытқуы — 23 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с, Жамбыл облысында ұйытқуы — 23 м/с.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман,  жел — 15-20 м/с.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
 

Пікір қалдырыңыз

[X]