Еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін

Еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін

Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр жаудырған циклон жылдамдатып Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысуда. Оның орнына Оңтүстік Орал аудандарынан антициклон жылжып келеді, жауын-шашын және күн суыту тоқтатылады.

  • 13 Қыркүйек 2017
  • 241
Фото - Caravan.kz

Бірақ жақын тәуліктерде солтүстік облыстарда жаңбыр сақталады, түнде ол дымқыл қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет".

13 қыркүйекте фронттардың өтуімен республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр күтілуде.

Күн ашылған кезде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар