Еліміздің кей жерлеріндегі ауа райы бүгін-ертең жаңбырлы болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кей жерлеріндегі ауа райы бүгін-ертең жаңбырлы болуы мүмкін

Еліміздің кей жерлеріндегі ауа райы бүгін-ертең жаңбырлы болуы мүмкін

Синоптиктер 24-26 маусымға арналған ауа-райы болжамы жариялады.  

  • 24 Маусым 2017
  • 385
Фото - Caravan.kz

Өткен тәуліктерде  ауа-райының ыстық 32 … 39,  кей жерлерінде  максималды 40…43 градус температурасы Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында байқалады. Осы кезеңдегі осындай ауа температурасының 5-7ºС жоғары болуы әдеттегідей, деп хабарлайды Caravan.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Осы аймақтарда, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты ыстықтың төмендеуі күтіледі, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай жарқылдап, дауылды жел 15-25м/с соғып, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал.

Республиканың қалған аймағында Поволжьеден жылжып келе жатқан, салқын фронттардың әсерінен,  сондай-ақ жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен қатты екпінді жел болады деп болжануда. Температура төмендеп, климаттық нормаға жақын болады. 


Соңғы жаңалықтар