Еліміздің оңтүстігінде дауыл соғып, найзағай ойнайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің оңтүстігінде дауыл соғып, найзағай ойнайды

Еліміздің оңтүстігінде дауыл соғып, найзағай ойнайды

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын болуы мүмкін.

  • 21 Наурыз 2017
  • 363
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" метеоқызметіне сілтеме жасап, Sputnik хабарлады.

Жамбыл облысының  кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады, кей жерлерінде найзағай күтіледі. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Павлодар, түнде  және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Соңғы жаңалықтар