Жарияланды: 86

Елорда әкімі астаналықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Елорда әкімі астаналықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады]

Елорда әкімі Әсет Исекешев астаналықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды astana.kz.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Бұл - өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілейтін, ақ көңіл, адал жүрек, дос құшақтарды айқастыратын қадірлі күн. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам - береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелте берсін.

Әз Наурыздың өн бойында сан ғасырлық бабалар жолы мен ұлттық салт-дәстүріміздің өрнегі сайрап жатыр. Ұлыстың Ұлы мерекесі кең байтақ жерімізге, егемен елімізге бақыт пен шаттық, ырыс пен береке сыйласын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ынтымақ, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», делінген құттықтауда.  


 

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]