Жарияланды: 270

Елордада Көші-қон жөніндегі арнайы ХҚКО ашылады

Елордада Көші-қон жөніндегі арнайы ХҚКО ашылады

Елордада шетелдіктерді тіркеу үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылай Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні біз мұндай ұсынысты Ішкі істер министрлігіне бердік. Астанада ілкі жоба ретінде Миграция жөніндегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосқысымыз келеді. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде, ғимарат таңдап алынды. Онда мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің фронт-кеңесін орналастырмақпыз. Ал шетелдіктерге виза беру немесе тіркеу шешімі көші-қон полициясының қызметкерлерінде қалатын болады. Бұл мәселе қазіргі уақытта талқылануда», - деді ол корпорацияның жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстыру барысында. Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде мемлекеттік корпорацияның 350 фронт-кеңесі және 630-дан астам бэк-кеңсесі жұмыс істейді. Оларда 22 мыңға жуық қызметкер бар. Өткен жылы мемлекеттік корпорация 37 миллионнан астам қызмет көрсетті, оның 24,5 миллионы электронды форматта.


 

Пікір қалдырыңыз

[X]