Елордалық білім басқармасындағылар оқулықтың жетіспеушілігін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық білім басқармасындағылар оқулықтың жетіспеушілігін түсіндірді

Елордалық білім басқармасындағылар оқулықтың жетіспеушілігін түсіндірді

Астана қаласы білім басқармасындағылар елордалық мектептерде оқулықтың жетіспеушілігін түсіндіріп берді. Ведомство мәліметінше, оқулық бар вагондардың соңғысы Алматыдан осы аптада келеді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 184
Фото - Caravan.kz

"Оқулықтар Астанада емес Алматыда шығарылады. Бүгінгі таңда кешіктірудың себебі оқулықтар бар вагондар келісімшарттарда көрсетілген мерзімнен кешірек жіберілген болатын. Тіпті Назарбаев мектептерінің кітаптары да Алматыда басылып шығады. Барлық деректерді жинағаннан кейін, осы аптада вагондардың соңғы партиясы келіп, сенбіде барлық мектептер қамтамасыз етілетінін айта аламын. Бұл, әрине, бізді ақтамайды. Мен жағдайды нақтылау үшін жазып отырмын. Біз бұндай жағдайды күткен жоқпыз. Бұл болашақта біз үшін сабақ болып қалады", — деді Жазира Асанова.

Сондай-ақ, ол ауыр сөмкелер мәселесіне қатысты пікір білдірді. "Басқарма тарапынан ұсыныстар берілген болатын. Солардың келесілері қабылданды — кітаптардың мұқабасы жұқартылды, ауқымды көлемдік кітаптар тоқсандар мен жартыжылдыққа сай бөлініп шығарылды, яғни бір оқулық бірнеше оқулыққа бөлініп шығарылды. Бүгінгі таңда мектептерге кезең-кезеңмен шкафтар жеткізілуде. Балалар оқулықтарын қалдырып, үйде электрондық оқулықтармен үй тапсырмасын орындаса болады", — деді Асанова.


 

Соңғы жаңалықтар