Елордалық кәсіпкерлер Назарбаевқа ашық хат жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық кәсіпкерлер Назарбаевқа ашық хат жазды

Елордалық кәсіпкерлер Назарбаевқа ашық хат жазды

"7 континент" бизнес орталығындағы кәсіпкерлер Елбасыға ашық хат жазды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

  • 21 Қаңтар 2017
  • 1003
Фото - Caravan.kz

"7 континент" бизнес орталығындағы кәсіпкерлер Елбасыға ашық хат жазды, — деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Өтініш Астанада өткен баспасөз мәслихатында оқылды. Кәсіпкерлердің айтуынша, олар 3 рет бейбіт митинг өткізу үшін Астана әкімінен рұқсат сұрап "жоқ" деген жауап алған. Ұлттық банкке жазған хаты мүлде жауапсыз қалған. Содан кәсіпкерлер мен "Нұрбанк" арасындағы дау сотқа жетіп, cоңында кәсіпкерлер процесте жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, сот 28 кәсіпкерге тиесілі коммерциялық алаңдар банкке берілсін деп шешкен. "Себебі аталған орталықты салғандар осы банктен несие алған. Бірақ наралызық білдірушілер банк қаржысын бізден емес, ғимаратты салған компаниядан талап етсін,- дейді кәсіпкерлер.

Бастамашыл топтың мүшесі Мұхтар Тұлақбаевтың айтуынша, "Нұрбанк пен ғимаратты салушы компания келісіп алған сияқты пікір қалыптасады. "Олар құрылыс иелері барлық нысандарды сатып болғанша, күтеді. Мен иелігімдегі ғимаратты компанияның тікелей өзінен алған жоқпын. 1-1,5 жыл осы жерді қолданып келеміз. Енді міне, "Нұрбанк" сотқа беріп біздің телімді алуды көздейді. Меншік иелері — бұл жердің бірінші қожайыны емес. Банк осы уақытқа дейін қарызын қалайша ойламады деген сұрақ туындайды,-дейді олар. Бұл жерді алмас бұрын барлығы №2 формадағы анықтама алған. Сауда алаңдарына бұғаттау қойылмапты. Әділет департаменті де ешқандай заң бұзушылық таппаған", — дейді Мұхтар Тұлақбаев.

Сондай-ақ, заңгер бұл келісімнің нотариус арқылы рәсімделгенін айтып отыр. "Барлық сатып алынған тұрғын емес үй-жайлар жайында ақпарат Астана қаласының әділет департаментінде бар. №2 форманы берген де осы мемлекеттік мекеме. Нотариуста куәландырылған соң сатып алушылар әділет департаментіне барып келісімдерін тіркеткен. Осы ретте тағы айтайын, әділет департаменті бұл келісімнің заңдылығын тексерген", — дейді заңгер Марат Бишаров.


 

Соңғы жаңалықтар