Ең бай отандастарымыздың тізімі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең бай отандастарымыздың тізімі жарияланды

Ең бай отандастарымыздың тізімі жарияланды

Forbes журналы әлемдік миллиардерлердің жыл сайынғы тізімін жариялады. Жаһандық тізімге бес қазақстандық миллиардер енген.

  • 21 Наурыз 2017
  • 1288
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық миллиардерлер тізімінде көш бастап тұрған — Қазақстан теннис федерациясының басшысы әрі бұрынғы Қазақстан Президентінің іс басқарушысы Болат Өтемұратов, деп жазады Tengrinews.kz аталған Forbes-қа сілтеме жасап. Биыл журнал оның дәулетін 2,3 миллиард долларға бағалады. 2016 жылы да осындай көрсеткіш болатын. Әлемдік рейтингте Өтемұратов 896-шы орында тұр, алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 125 позицияға түскен. 

Ең бай адамдар тізімінде қазақстандық үш миллиардер екінші орынды өзара бөлісті, олар — "Қазақмыс" корпарациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким мен Тимур және Динара Кұлыбаевтар. Олардың дәулеті 2,1 миллиард долларға бағаланған (жалпы тізімде 973 орында). 2016 жылы Құлыбаевтар қаражаты 2 миллиардқа тең болған, ал Владимир Кимдікі — 1,5 миллиард доллар болған. 

Үздік бестікте қазақстандық миллиардер ERG кен өндіру компаниясының иелік ететін, "Еуразиялық банк" АҚ президенті Алижан Ибрагимов. Оның қаражаты бір жыл ішінде 300 миллинға көбейіп, 1,9 миллиард долларға жеткен. Әлемдік рейтингте ол 1908 орында тұр. 


Соңғы жаңалықтар