Ерден Қажыбек: Латын әліпбиіне сәйкес жаңа тіл ережесі жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерден Қажыбек: Латын әліпбиіне сәйкес жаңа тіл ережесі жасалады

Ерден Қажыбек: Латын әліпбиіне сәйкес жаңа тіл ережесі жасалады

Қазақ тілінің қазіргі қолданыстағы грамматикалық ережелерінің кей тұсы орыс тілінен көшірілген. Енді латын әліпбиіне көшкенде тіліміздің табиғатына тән ержелер шығарылады.

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы А.Байтұрысынов атындағы Тіл білім институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Казахстанская правда» газетінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты тілші ғалымдардың басын қосқан дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиында бас баяндамашы профессор Ерден Қажыбек қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру тілді дамыту үшін аса қажет екенін айтты. «Латын әліпбиіне көшкенде тіл ережелері қайтадан жасалынады. Кірме сөздерді шет тілінде қалай айтылса, солай дыбыстап жүрдік. Әлемнің ешбір тілінде ондай жоқ. Біздің грамматикамыздың ережелері орыс тілінен көшірілгені белгілі. Енді сөз жоқ орфоэпикалық, сөзжасам, фонетикалық, морфологиялық ережелердің бәрі жаңадан қарастырылады да, өте қарапайым тіл табиғатына тән нұсқалар шығарылады», — деді Ерден Қажыбек. Ерден Қажыбектің айтуынша, тілші ғалымдар әліпбиімізді ана тіліміздің табиғатына сәйкестендіріп алу қажеттігін тәуелсіздік алған күннен бастап көтеріп келеді. «1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін, Тіл білімі институты бірден осы мәселені көтерді. Сол кезде академик Әбдіуали Қайдар бірден Мемлекет басшысына хат жазды. Хатында «Тәуелсіз ел болдық, енді тілімізге сәйкес әліпби жасайық, тілімізді жаңғыртуды қолға алайық» деп көрсетті. 1990-шы жылдардың басында Елбасы бірінші тапсырма берді, 2006 жылы мәселе етіп көтерді, 2012 жылы стратегиямызға енгізді. Енді міне, нақты қолға алынды. Қазіргі әліпбимен біз алысқа бара алмаймыз. Тіл ережесін бұзу бүгінгі күні «дәстүрге» айналды. Өйткені, бүгінгі дыбыстарды таңбалайтын қазіргі қолданыстағы әліпби көп шатастырып жіберді. Мысалы, орыс тіліндегі «Ы» әрпі мен қазақ тіліндегі «Ы» әрпі арасында айырмашылық бар. Екіншіден, біздің тіліміздің дамуының кейбір заңдылықтары қазақ тілінің ережелеріне сәйкес жасалынбаған. Қазақ тілі экономиканың, саясаттың тілі болуы керек. Оны өрге сүйреу үшін осы мәселеге назар аударуымыз қажет», — деді профессор Ерден Қажыбек. Еліміздің бас газеттерінің бірі «Казахстанская правда» ұйымдастырған жиынға тілші ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.



 

Соңғы жаңалықтар