Жарияланды: 400

Ерке Есмахан көлік салығын төлемеген

Ерке Есмахан көлік салығын төлемеген

2017 жылдың 5 желтоқсанындағы жағдай бойынша, 90 мыңға шуық адам көлік салығын төлемей жүр.

Танымал әнші Ерке Есмаханның көлік салығына 41,1 мың теңге қарызы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жалпы қала тұрғындары көлік салығы бойынша 4,2 миллиард теңге қарыз. 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы жағдай бойынша, 90 мыңға шуық адам көлік салығын төлемей жүр.

"Қарыз адамдардың ішінде шоу-бизнес өкілдері бар. Олардың ішінде 205,1 мың теңге қарызы бар Айдар Ернар, 88,8 мың теңге қарызы бар Умарова Рано, Жеңіс Ысқақова (73,2 мың теңге) және 41,1 мың теңге қарызы бар Ерке Есмахан бар. Жоғарыда көрсетілген автокөлік иелерінің материалдары сот органдарына жолданып, олардан қарызды өндіріп алуға қатысты шешім қабылданады", - деп хабарлады МКД өкілдері.

 

Пікір қалдырыңыз

[X]