Ерке Есмаханды “ажырасқан әйел” деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмаханды “ажырасқан әйел” деп атады

Ерке Есмаханды “ажырасқан әйел” деп атады

Ерке Есмахан “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасы кезінде өзін “ажырасқан әйел” деп атаған блогерге деген ренішін білдірді. 

  • 23 Қазан 2017
  • 1880
Фото - Caravan.kz

— Мені “Ажырасқан Ерке”, “Екінші некесі” деп неге атайды? Маған ұнамайды ондай сөздер. Осылай айтқан блогердің даусы маған түрпідей естіліп тұр. Қазақтың қызы деп сыйлап, астарлап айтсаңыздар дұрыс болар еді негізі. Көрермендер де ренішімді байқап отырған болар”, – деді Ерке тікелей эфир кезінде.

Ерке өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өнер саласындағы достарымен түскен суреттерді жиі жариялайды.

“Бірақ бұл мені олармен жұптастырып қоюдың себебі емес”,- деп ренішін білдірді Ерке Есмахан.

Маған осылай жазады: "Осы Ерке жігіттермен жабысып суретке түскіш-ақ. Анау болып еді, енді мынау қалды ма”, – деп шығады. Жуырда Қуандық Рахыммен бірге ән айтып шығып едік, “Қуандыққа жабыстың ба?” – деді. Жақында ғана Орал қаласында үлкен бал болып еді, сол жерде Димаш Құдайбергенов өзімнің жерлесім. Біраз уақыттан бері көріп тұрған Димашпен суретке түсіп салсам: “Енді Димашпен жабысып түсті”, – деп жазды. Мен жүріп-жүріп, соларды тауып алғандай, білмеймін, түсінбеймін мен”, – деп ренжіді Ерке әнші.


Соңғы жаңалықтар