Ермахан Ыбырайымов Головкинге қандай кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ермахан Ыбырайымов Головкинге қандай кеңес берді

Ермахан Ыбырайымов Головкинге қандай кеңес берді

Сочиде өткен Халықаралық бокс форумы кезінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов өз шәкірті Геннадий Головкинмен кездесіп, Альвареске қарсы алдағы жекпе-жекке қатысты өз ақыл-кеңесін айтты

  • 13 Ақпан 2018
  • 168
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Геннадий Сочиге Америкадан ұшып келді. Мен Алматыдан бардым. Сол жерде екеуіміз кездестік. Мен онымен жақсылап тұрып сөйлестім. Альвареске қарсы жекпе-жек бойынша өз ақыл-кеңесімді бердім. Мен айттым, бесінші раундқа дейін Альваресті жан-жақты зерттеп алу қажет. Оның әзірлеп қойған қандай әдіс-тәсілдері бар? Соның бәрін зерттеп шығу қажет. Оған бір раунд жеткіліксіз. Екі раунд та аз болады. Бес раунд сен оны зерттеуің керексің дедім. Сосын үнемі қысым жасап отыру қажет», — деді Е.Ыбырайымов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Өз сөзінде Ермахан Сағиұлы 2001-2004 жылдар аралығында Геннадий Головкиннің дайындығына атсалысқанын да еске алды. Сол кезде GGG әлем чемпионы болды, Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

«Сондықтан мен оған кәдімгідей тапсырма бердім. Альваресті барынша шаршату қажет. Содан кейін айттым, өзіңнің қатты соғатын оң қолыңмен көп ұра берме дедім. Ұрған сияқты болып, оң қолыңды көрсетіп, сол қолыңмен қатты соққы жасауға тырыс деп кеңес бердім. Себебі Головкиннің сол қолмен ұратын джебі де, хукы да қатты. Сосын жылдамдықты көбейту керек. Өйткені алғашқы жекпе-жекте Геннадий жылдамдық жағынан біраз қалып қойып отырды», — деп атап көрсетті Е.Ыбырайымов.


 

Соңғы жаңалықтар