Етегі жасқа толған ана қызын зорлаған адамды қамата алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Етегі жасқа толған ана қызын зорлаған адамды қамата алмай жүр

Етегі жасқа толған ана қызын зорлаған адамды қамата алмай жүр

Бұл сұмдық жағдай Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауылындағы (Бәйдібек ауданының орталығы) 8-сынып оқушысының басынан өткен. Анасының айтуынша, өткен айда оның 14 жасар қызын бір жігіт сыбайластарымен бірге Шымкентке басып алып кетіп, зорлап тастапты.

  • 1 Маусым 2017
  • 1621
Фото - Caravan.kz

Бұл жайт белгілі болгер, заңгер Айгүл Орынбектің Фейсбуктегі парақшасында болған тікелей эфир кезінде жария етілді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Блогермен әлеуметтік желідегі тікелей эфирге шыққан әйел жүрегі ауыратын қызының басынан өткен жағдайды жылап отырып айтып берді. Ол кәмелетке толмаған баласын зорлаған жігітке қатысты іс қозғата алмай жүр екен. Жергілікті тергеушілер, прокуратура қызметкерлері шарасыздық танытып отыр. Аңыраған ананы олар тыңдағысы да келмейді. Тіпті құқық қорғау органындағылар оған "қызыңыз бұл оқиғадан бұрын жыныстық қатынасқа түсіп қойған" деп айтыпты. Ал шағымданушы әйел ақылы гинекологқа барып, бұлай еместігін білген.

"Ақылы гинекологқа барғанымда, ол бұның жақында болғанын, жыныстық пердесі жаңадан жыртылғанын, бұрын жыныстық қатынасқа түссе, мұндай болмайтыны айтты" дейді етегі жасқа толған ана. 


Бас Прокуратура, Ішкі Істер Министрлігінің назарына! Оңтүстік Қазақстан облысы, Бəйдібек ауданы Шаян ауылы. Сегізінші сынып мектеп оқушысын ұрлап кетіп, зорлаған жігіт бостандықта жүр. Зорланған қыздың анасының жан айқайы!

Posted by Айгүл Орынбек on Wednesday, May 31, 2017

Соңғы жаңалықтар