Фейсбукте алаяқ деп айыпталған Сандуғаш Жұмабек бес жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фейсбукте алаяқ деп айыпталған Сандуғаш Жұмабек бес жылға сотталды

Фейсбукте алаяқ деп айыпталған Сандуғаш Жұмабек бес жылға сотталды

Фейсбукте алаяқ деп айыпталған Сандуғаш Жұмабек бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қатысты сот Астанада өткен.

  • 7 Тамыз 2017
  • 25715
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек Фейсбуктегі парақшасына тікелей эфирге шығып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.  

"Осы іске атсалысқан барлық достарыма рахмет. Қуанышымда шек жоқ. Біреудің қайғысына неге қуанады дейтін шығарсыздар? Бірақ соттың әділетті шешіміне неге қуанбасқа?" деді С.Жұмабектің қолына сот залында кісен салынғанын айтқан А.Орынбек.

Оның айтуынша, С.Жұмабек алаяқтықпен әр қаладан 14 пәтер, оралмандардан 2 миллион доллар алған. Оралмандарды үй, азаматтық алып беремін деп алдапты.

"Астананың өзінде 200-300 миллиондай (теңге болуы керек — ред.) қарызы бар" деді заңгер.

Айгүл Орынбекттің айтуынша, енді Сандуғаш Жұмабекке қатысты адам саудасы бойынша да іс қозғалуы мүмкін. Сонымен қатар, келіншек атақты адамдарды жалаңаш күйінде суретке түсіріп алып, бопсалаған көрінеді.  


Сандуғаш Жұмабек қамалды бес жылға!

Posted by Айгүл Орынбек on Sunday, August 6, 2017

Соңғы жаңалықтар