Жарияланды: 12 18300

Фейсбукте танымал Айгүл Орынбек пен Сандуғаш Жұмабектің арасында ашық «айқас» басталды

Фейсбукте танымал Айгүл Орынбек пен Сандуғаш Жұмабектің арасында ашық «айқас» басталды Сурет - Caravan.kz коллажы

Бұл даудың басталғанына нақты қанша уақыт болғанын білмейміз, бірақ әлеуметтік желіні шулатып жатқандарына біраз болды. Фейсбукте Айгүл Орынбек Сандуғаш Жұмабекті алаяқ деп айыптап, соған дәлел ретінде көптеген видеолар мен суреттер жариялады.

Дауласушы екі жақ Фейсбукте бір-біріне бағыттап жазба қалдырып отыратын. Ал бүгін екеуі ашық «айқасты» бастаған сияқты. Әсіресе, парақшасына «настроен решительно» деп белгі қойған Айгүл қатты кеткен.

Дегенмен, бұл әңгімені Сандуғаш бастады, деп хабарлайды Caravan.kz.  

«Не ғой, мінезіне қарай сымбаты деген рас екен. Анау маған жарнама жасап жүрген әпшемді жақыннан көріп, тындым ғой. Майда туылған марқа қозының құйрығындай іркілдеген құйрықтың өзі чего стоит? Бес бала тауып, сары қарын тартқан бәйбіше секілді. Құдай кешірсін! Іші қалай "сасық" болса, сырты одан да жаман әлем-жәлем екен. Содан екен ғой, өзінің кемшілігін көрмейін деп елден іздеп жүретін. Но страшный. Сосын ғо не бай, не құдайға керек болмай жүргені. Әйтпесе, байға тиіп, бала тауып, былқылдаған супер келинчек болеееп жүрмей ма дим да. Аллаға шүкір, әже болсақ та ындыны құрып, қолы жете алмай жүрген мықты НАР ҚАСҚА АЗАМАТТАР көп деп қояйыншы. Әркім ниетіне қарай ғой, негізі. Елдің өмірін талдап, өсек жинап таратқанша төсі мен артын жинап алсыншы. Ал керек болса. Айтып салдым (стилистикасы мен грамматикасы өзгертілмеген – ред.)» депті ол.

Айгүл Орынбектің жауап жазғанда қатты кетуі осы жазбаға ашуланғаннан болса керек.  

«Ой қара тышқан бойы бір тұтам болған, ішіңнің бəрі қара ниеттен өспей қалған сорлы Сандуғаш Жұмабек! Менің қозыдай майланған құйрығымды əңгіме қылғанша, əр еркектен қалған өз кө...ңнің (ФБ-да толық жазылған – ред.) былығына ие болсай. Байға тимеген дейсің бе? Байға тиген сен қарық болып жүрсің бе? Жə...п (ФБ-да толық жазылған – ред.), тірі байың бола тұра отбасылы еркектерге жабысып, əрқайсымен бір жатып, оларды суретке түсіріп, шантаж жасап жүрген шірік. Сен өзіңді керемет ана санап отырсың ба? Күйеу балаңның көзінше түрік еркектің құшағында жатқан жеріңнен ұстадық қой үйіңде, сорлы-ау. Өз сасыған ауыңды жинай алмай отырып, жабық жүрген менің майланған к...м (ФБ-да толық жазылған – ред.) саған қызық болып отыр ма?
Анау сенің сасыған аузыңмен, кө...ң  (ФБ-да толық жазылған – ред.) кімнен қалмаған! Ашуыма тие берме, біраз фото, видеоларды осы жерге жүктеуге мəжбүрлеме. Екі жылдан бері мен де қарап жүрген жоқпын, сайқал! Мен де біраз факті бар! Біраз сыйлы достарымнан, үлкен кісілерден кешірім сұраймын. Бір топас қатынға өз тілінде жауап қайтару керек болды (стилистикасы мен грамматикасы өзгертілмеген – ред.)» дейді Айгүл.

Айта кетейік, жақында Сандуғаш Жұмабекке қатысты сот басталды. Алайда ол кінәсін мойындап отырған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 3 августа

кімдер бұлар өзі?

Қонақ 3 августа

Осындай әже бола ма?! ұрпаққа не тәлім береді мыналар?! масқарашылық!!!

Қонақ 3 августа

Екеуі де қатырдық деп отырма сонда мықтылықтарыңды басқа іспен дəлелдесендерші

Қонақ 3 августа

Екеуі де қатырдық деп отырма сонда мықтылықтарыңды басқа іспен дəлелдесендерші

Қонақ 3 августа

Өзі ұялмаған жұрттың бетін шиедей қылады...

Қонақ 3 августа

Алла сабыр берсин екеуинеде осылай бир бирин жек корген адамдар кобейип баражатыр жаксылык болсын арты.Баска елге кулки болмай оз оздерин устап татуласса екен.Бугин бар ертен жок мына жалган дуниенин арбауына тусип калмай тек жаксылык болса екен.

Қонақ 3 августа

Алладан қорықпай жұртты алмаған адам сазайын əлі-ақ тартады. Айгүлді қолдайм, қатты сөздер айтуға өтірікші, алайяқ Сандуғаштың өзі мәжбүр етті. Өзіне сол керек.

Қонақ 3 августа

"Құдағиларда" қасиет жоқ.Ұл-қыздары енді қалай бірге өмір сүреді енді...

Қонақ 3 августа

Сандугашты неге сонша корлайсыздар журсе оз онеримен жур.Алла сабыр берсин.оздериниз жеке сойлесип бир бирлеринизден кеширим сурагандарыныз дурыс.кишкентай омирде урыспаныздаршы.баримиз бир казакпыз

Қонақ 4 августа

Кимдер бул апайлар??? Типти катты жазыптыго ужас!!!

Қонақ 4 августа

Не ғой деп алып нервқа тиеді осы аферист қатын. Не өнерін айтып табынын отырмыз. Алая неме

Қонақ 4 августа

Масқара қазақ əйелдеріне тəн қылық емес екеуіне де сабырға келіп ақ пен қараны ажырату керек қой

[X]