Аталған саясат тұжырымдамасы бойынша жерде жерде барынша көп жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталына Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Зәмза Мұқашқызы Қодар айтып берді.
— Біз Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанынан құрылған Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты деп аталамыз. Қазір біз жан-жақты жұмыстар жасап жатырмыз. Бізде түрлі клубтар бар. Былтырдан бастап жаңа тұжырымдамамен жұмыс істейміз. Оның өзінің жоспары бар.Сол жоспармен сәйкестеніп әр салада жұмыс атқарамыз. Негізінен, біздің институт төрт бағдар бойынша жұмыс істейді: Біріншісі — гендерлік саясат, екінші — гендерлік зерттеулер, үшінші – отбасы және отбасылық құндылықтар мен гендерлік білім беру бағыты Гендерлік саясат туралы айтар болсақ бізде «Қазақ қыздар көшбасшы мектебі» жұмыс істейді. Танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырамыз. Жыл сайын дәстүрлі түрде гендерлік конференция өткіземіз. Әр тақырыптар бойынша дөңгелек стөлдер өткіземіз. Бірнеше ғылыми жобаларға қатысамыз. Гендерлік білім беру бағытын айтып кетсем, мысалы, біз биыл студенттер арасында бірнеше сайыс өткіздік басқа оқу орныдарынан шақырып қыздар мен жігіттер арасында ұйымдастырдық. Сондай-ақ, отбасы және отбасылық мемлекет даярлау деген курс дайындадық. Өзіміз монографиялық оқу құралдарын дайындаймыз.
— Негізінен өздеріңіздің студенттерге, қыздарға дәріс беру түрінде өтеді ғой?
— Иә, өзіміздің студенттерімізге өткіземіз. Кейде арнайы мамандарды шақырамыз.Мамандар арасында да өткіземіз. Сосын ғылыми-әлеуметтік сауалнамалар жүргіземіз. Негізі биыл көбінесе отбасы және отбасылық құдылықтар тақырыбы бойынша үлкен конференция өткізгенбіз.
— Қыздарға қалай отбасы болу керек және отбасын қалай сақтап қалу керек деген сауалдар бойынша нақты қандай бағыт-бағдар бересіздер?
— Менің өзімнің идеям бойынша, менің бастамаммен «қазақ халқының этногендерологиясы» атты курс ойластырып, оның кітапшасын дайындап қойғанбыз. Негізі «гендер» деген кезде көп елде түсінбеушілік бар. Оны көбіне әйел мәселесі, әйелдің билікке таласуы деп көрсетеміз ғой.Ал бірақ шын мәнінде гендер деген – ол әйел мен ер адамның қарым-қатынасы. Ал менің этногендерологияда айтқым келгені әр ұлттың өзінің гендері бар дегенді назарға алдым. Біз өз ұлтымыздың салт-дәстүрінен, тарихынан шығуымыз керек. Біздің өзіміздің менталитетіміз бар. Соған қарап, гендер деген әйел адам мен ер адамның қарым-қатынасы ғой. Ал қазақта ер мен әйелдің қарым-қтынасы қандай болған, ер адамды сыйлау бар, үлкен адамды құрметтеу бар, қыз тәрбиесі тағы басқа құндылықтарды осында көрсеткенбіз.
— Қазақ халқының этногендерологиясы курсы негізінде қазақтың ежелден қалыптасқан қарым-қатынасы бойынша отбасын сақтау дегенді қазіргі заман студенттері қалай қабылдап жатыр?
— Этногендерология дегенде біз қазіргі заманда қалай болып жатыр, соны тексеруіміз керек. Негізі, ғылыми кітап ретінде оқу курсы ретінде дайындап жасадық, бірақ ешқайда әлі ұсынған жоқпыз. Ал кітап ретінде дайын тұр. Негізі өте керек сияқты. Өйткені заман өзгеріп жатыр. Қазақ өзгеріп жатыр. Адамдар да өзгеріп жатыр.Енді қазіргі қазақтарда қарым-қатынас қалай соны зертттеу керек. Бұрынғы құндылықтар неге сақталмай отыр? Оны да анықтап зерттеу қажет. Қазақ халқын рухани жаңғырту деп Елбасымыз да айтты емес пе. Негізі көпшілік гендер деген нәрсені ер адамға қысым сияқты қабылдайды.Мен олай емес деп айтар едім.Менің айтын дегенім қазақ халқының өзінің гендері бар.Біздің мақсатымыз соны зерттеп жас студенттерге көрсету. Ал ол өз кезегінде отбасы құндылықтарын сақтауға үлкен көмек болады деп сенемін.
— Елімізде әйелдер құқықтары шектелуде, ер мен әйел теңсіздігі бар дегенге қаншалықты сенесіз, расында да біз сондай қоғамда өмір сүріп жатырмыз ба?
— Әрине сондай қоғамға тырысу бар ғой. Бірақ өз менталитетімізге байланысты қарама-қайшылықтар кездеседі. Қазір көп отбасыларда түрлі жағдайлар орын алып жатыр.Неге олай болып жатыр, неге ажырасу көп, неге қазір қыздар тұрмысқа шыққысы келмей бала туып жатыр, қарттар үйінде қаншама біздің аталарымыз, әжелеріміз бар. Соның бәрі зерттеуді қажет етеді.Оның шешу жолдарын анықтау керек. Кеше ғана статистикалық мәлімет шықты ер адамдардың 30 пайызында бала болмайды екен. Отбасылардың16 пайыз ЭКО-ға жүгінеді екен.Не үшін осындай жағдай қалыптасып отыр? Бұрын олай болмады ғой. Осындай мәселелердің шешуін табу керек. Қазір гендерлік отбасылық саясат концепциясы дейміз. Яғни отбасын қосып отырмыз.Өйткені бәрін отбасынан бастау керек.
— Жалпы арнайы тұжырымдама шыққалы бері елімізде отбасылық және гендерлік саясат саласында қандай жетістіктер болды, өзекті мәселелер қалыптасты?
— Жетістіктердің біріне ер адамдардың мәселесінің көтерілуі деп айтар едім. Бұрын әйел адамның мәселесі айтылып келсе, қазір ерлер мәселесі де көтеріліп отыр. Оларға арнап арнайы тексеру кабинеттерінің ашылуы, 25 мың адамды алып зерттегеннің өзі стратегияның арқасы.Енді міне концепция. Ал саясатта бұрын қыздар көп болмап еді, енді жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Мемлекеттік қызметтегі әйелдер 55 пайызға жетіпті. Бірақ екінші мәселе билікте көбіне ер адамдар. Стратегия маңызды шешім шығаратын жаңағы биліктегі әйелдерді кем дегенде 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр.Еліміздің бір, екі облысында мысалы Қостанайда бұл көрсеткішке қазірдің өзінде жеткен екен. Ал басқа облыстарда төмен.
— Ал қыздарды зорлық-зомбылықтан, күш көрсетуден қорғау бойынша олардың құқықтық білімін жетілдіруден бөлек тағы қандай амалдар қолданып жатырсыздар?
— Зорлық зомбылыққа ұшыру, суйцидке бару деген көбейіп кетті. Ол қазір қатты көтеріліп жатыр. Ол біздің гендерлік саясатымызға кіреді, оны талай зерттедік. Талай семиналарлар өткізіп жатырмыз. Ішкі істер саласының арнайы мамандары келіп дәріс береді біздің қыздарға. Өте көп қызықты сұрақтар қояды қыздар. Қазір кризистік орталықтар бар. Оны кейде біздің қыздар білмей қалуы мүмкін. Зорлық-зомбылық ол тек күйеуі ұрып тастау ғана емес қой.Қоғамда да зорлық көруі мүмкін ғой.Сондықтан қыздар кез келген жағдайда өз құқықтық жағынан қорғай білу керек. Былтырлары қыздардың тұрмысқа тым ерте шықпауы көтерілді. Ол да концепцияға кіріп отыр. Бұл тұрғыда да біраз жұмыстар жоспарланып отыр үкімет тарапынан. Ал өзіміздің университет тарапынан айтар болсақ бізде «Қыз Жібек» деген клуб бар. Сол клуб арқылы көптеген шаруаларды атқарып жатырмыз.
Әңгімеңізге рахмет.
Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы 2030 жылға дейін белгіленген. Оның шұғыл шешуді қажет ететін ең басты өзекті мәселелері мынадай:
Ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өскені байқалады. Шамамен әрбір үшінші неке ажырасуда. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасу үлесі көбейді. 2011 жылы 160,5 мың некенің 44,9 мыңы ажырасса (28%), 2015 жылы 148,7 мың некенің 53,3 мыңы ажырасқан (35%).
Толық емес отбасылар саны артуда. 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда толық емес отбасылар үлесі 6,8%-ға артқан. Олардың ішінде 400 мыңнан астам әйел 700 мыңнан астам баланы, ал 60 мыңнан астам ер адам 300 мыңнан астам баланы тәрбиелеп отыр (15,1% бала анасымен ғана, 6,4% бала әкесімен ғана тұрып жатыр). Демек әрбір 5-бала толық емес отбасында өмір сүруде.
Ер адамдардың гендерлік жағдайдағы еркіндігі әкелердің бала тәрбиесіне аз қатысуына және баланы асырауға алимент төлеудегі проблемаға әкеп соқтырады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 279 мың іс қаралуда.
Баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлердің осы уақытқа дейін осындай жағдайдағы әйелдер иеленетін құқықтары жоқ. Әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету процесінде ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне қатысты қоғамдағы қатып қалған таптаурындардың болуы әсер етеді.
"Азаматтық" және кейбір этникалық топтар өкілдері арасында туысқандық некелер белгілі бір деңгейде орын алуда. Ерлер мен әйелдердің азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелмей, діни мекемелер арқылы неке қию жағдайлары жиіледі. Бұл ретте отбасының қолайсыз құндылықтары, оның ішінде әйелдің отбасындағы рөлі, оның әлеуметтік белсенділігі мен жұмысбастылығы дәріптелуде. Кейіннен осындай отбасыларда ажырасуға әкеп соқтыратын жанжалдар болып жатады.
Қыз алып қашу және оларды күштеп тұрмысқа беру оқиғалары орын алуда, бұл өз кезегінде ұлттық салт-дәстүрді қайта жаңғырту емес, құқықтық зайырлы мемлекетте қылмыс болып табылады.
Профилактикалық шаралар тиісінше жетілмеген, осыған орай отбасымен жұмыстар, негізінен, өмірлік қиын жағдайға тап болу фактісі орын алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте көмек алу үшін түрлі инстанцияларға жүгіну қажет, әлеуметтік көмекті түрлі ведомстволар ұсынады, олар әдетте, отбасы мүшесіне оны отбасынан алшақтату негізінде көрсетіледі. Бұл отбасылық байланысты жоғалтуға, отбасы мүшесін әлеуметке қосу деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады, ал көрсетілген көмек отбасын сақтауға және нығайтуға бағытталған болуға тиіс.
Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Некеге тұрғандардың 16%-ға жуығы ұрпақ сүйе алмайды, бұған ерлер де, әйелдер де тең жауапты. Ерлердің өз денсаулығына немқұрайлы қарауы, зиянды әдеттерге үйір болуы, өндірісте тәуекелшіл мінез-құлыққа бейімдігі экономикалық белсенді жаста созылмалы ауруларға шалдығуға және өлімге әкеледі. Бұдан басқа, Қазақстан әйелдер арасында обырдың таралуы бойынша бірінші орын алады.
2016 жылдың басында әйелдердің өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 76,9 жасты, ерлердің өмір сүру ұзақтығы 67,5 жасты құрады. Гендерлік алшақтық 9,4 жылға тең.
Қаламаған жүктілікті үзу жағдайлары көбейіп келеді. Қазақстанда әрбір бесінші жүктілік абортпен аяқталады. МИКЗ-ға сәйкес әйелдерді контрацепциямен қамту 50% шегінде. Бұл ретте заманауи контрацепция әдістеріне сұраныстың қанағаттандырылмау көрсеткіші 9,8%-ды құрайды.
Ерте жастан некеге тұру, кәмелеттік жасқа толмағандардың жүкті болуы, ерте жастан аборт жасату проблемалары орын алуда, бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде кеңінен таралып отыр. Қазақстанда екі миллионнан астам 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар тұрады, бұл республикадағы барлық әйел тұрғындардың бесінші бөлігі. Соңғы бес жылда жасөспірімдер жүктілігі бойынша 33 051 жағдай тіркелген, оның ішінде 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар арасында 9 906 аборт жасалған. 15-18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы аборт саны жоғары болып қалып отыр және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздардың жалпы санының 0,1%-ын құрайды немесе жылына шамамен 2 мың аборт жасалады.
Қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық және қатыгездік жағдайлары жиілеп кетті. Орта есеппен алғанда әрбір үшінші әйел өз өмірінде ұрып-соғуға, сексуалдық мәжбүрлеуге немесе қатыгез қатынастардың өзге де түрлеріне ұшырап жатады.
2015 жылы Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелеріне 40 мыңнан астам әйел көмекке жүгінген, олардың 3,5 мыңнан астамы заң және психологиялық көмек алу үшін дағдарыс орталықтарына жіберілді. 2015 жылы Қазақстанда отбасында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 35 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 8 мың адамға қатысты әкімшілік қамауға алу түрінде жазалау шарасы қолданылған.
2 жастан бастап 14 жасқа дейінгі әрбір екінші бала отбасында жазалаудың қатаң түрлерін бастан кешеді. Оқушылардың үштен екі бөлігі оқушылар мен ұстаздар тарапынан зорлық-зомбылық көрген немесе куәгер болған.
Күш көрсету проблемасы едәуір өзекті күйінде қалып отыр. Жалпы, елімізде балалардың 1%-ы күш көрсетудің қатаң түрін бастан кешкен. Бірлі жарым оқиға емес, ондап саналатын кішкентай қыздарды зорлау фактілері ерекше алаңдатып отыр.
2011 жылы Білім және ғылым министрлігі балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық фактілері бойынша жүргізген зерттеу нәтижесі балалардың 67%-ы (үш баланың 2-уі) өз отбасыларында өздерін қауіпсіз сезінбейтінін көрсетті.
Кейбір мектептер мен отбасыларда дан да қатаң зорлық-зомбылыққа немесе қорлыққа ұшырайтынынан қорыққан балалар зорлық-зомбылық проблемалары туралы айтпауды әдетке айналдырған.