Жарияланды: 26 12854

Ғалымдар арғындардың шығу тегіне қайран қалып отыр

Ғалымдар арғындардың шығу тегіне қайран қалып отыр

Жазушы, тарихшы, түркітанушы, саяхатшы Марал Томпиев қазақтың саны ең көп саналатын руы - арғындардың шығу тегін зерттеп жүр. Оның ойынша, арғындардың арғы ата-бабаларының шумерлер мен ежелгі ирандықтарға тікелей қатысы бар. Демек, түр жағынан қазіргі ұрпақтарынан айырмашылығы көп.

Арғындардың шығу тегі тарихшыларды ғана ойландырып отырған жоқ, деп жазады "КАРАВАН" газеті. Өйткені олар, қазақтың басқа руларына қарағанда, тарих сахнасында аяқ астынан әрі кеш пайда болған. Арғындар түрлі дерек көздерінде тек ХIV-XV ғасырлардан ғана ұшыраса бастайды. Көбінесе олардың ежелгі ғұндармен ("ар" және "ғын" ("ғұн" сөзінің өзгерген түрі) генетикалық байланысы бар екені байқалады.      

Марал Томпиев бұл тақырыпты жан-жақты зерттеген. Түпкі деректерді, топоним, этноним, лингвистиканы, ауызша және жазбаша мифологияны, климатты қарап, тіпті қазіргі арғындардың ДНК анализін жасаған.

"ДНК-генеалогия деген ғылым пайда болғанда, көптеген арғындардан ДНК анализін жасауды сұрадым. Бұл 2012 жыл болатын. Мыңға жуық анализ жиналды. Солардың 80 пайызы G1 гаплотобына жататын болып шықты. Арғындар - қазақтардың арасында осындай гаплотопқа жататын жалғыз  ру. Басында бұған сенбедім. Тағы 500 адам тест тапсырды. Тағы да 80 пайыз болып шықты. "Бұл қалай болғаны?" дедім. Өйткені G1 гаплотобы Оңтүстік Каспийде, Солтүстік Иранда кездеседі. Осыны нақтылау үшін Иранға барып келдім" дейді Марал Томпиев.

Марал Томпиев
Марал Томпиев

Сөйтіп, ғалымдар арғындардың арғы аталары Иранда өмір сүрген деген ұйғарым жасап отыр.    

Пікір қалдырыңыз

Өмірде бәрі мүмкін.Ешкім көктен түс 15 мая

Ен жоқ аяғы салбырап ешкім жерден шыққан жоқ құлағы қалқып сондықтан

Тату тəтті өмір сүрейік.! 15 мая

Өмірде бәрі мүмкін. Ешкім көктен түскен жоқ аяғы салбырап ешкім жерден шыққан жоқ құлағы қалқып сондықтан тату тәтті өмір сүру керек.

Қонақ 15 мая

Осының бəрі қазақты бөліп быт-шыт ету,өзі шамалы қазақты бөліп қай жерге ту тігейін деп жүрсің? Мен Арғынмын,Мен Қазақпын! Иран-сираныңды өзің бір жеріңе тығып ал,рахаттанып қаларсың.

Қонақ 15 мая

Мүмкін иран қазақ жері шығар

Қонақ 15 мая

Арғынды Ираннан шыққан деген мына біреудің миының ауытқуы бар сияқты,суретіне қарап ақ емделуі кк адам екені корініп тұр

Қонақ 16 мая

😂

Қонақ 16 мая

😂

Қонақ 16 мая

Аргынбын. Улы ру.Керемет алаштын зиялы азаматтары шыккан. Жане ешкашанда болинбеген халыкпыз.

Қонақ 16 мая

Құрметті бауырлар. Қазақ елінің тарихы үшін кандай зерттеудің түрі болмасын өте қажет. Бір-бірімізге қатты сөздер айтудан аулақ болайық. Біз өте көне ежелден бар халықпыз. Заманның әртүрлі заңдары мен тіршілігіне орай, талай ажырап, талай тарих сахнасынан жоғалып, қайтадан пайда болып енді міне Қазақ елі атанып отырмыз. Құдайға шүкір делік. Бірақ, әлі де сырттан қауіп жоқ дегім келмейді. Елбасымыз ішкі және сыртқы тыныштықты сақтау үшін, елім ең дамыған 30 елдің қатарынан көрінсе екен деп тыным таппай еңбек етіп келеді. Сондықтан біз өзіміз бір-бірімізді дос көрсек Абай данамыз айтқандай сырттан жау алмайды. Ал қазақтың ру-тайпаларының тарихына келер болсақ, әлі көп зерттеулер керек. Бұл жерде арғынды қазіргі иран жерінен кездестіруге болады деген ой еді. Щумер дәуірінде, яғни б.э.д.3400 жылдан бері қарай құрамында қазақтың ата-бабаларының ру-тайпаларынан үйсін, қаңлы, арғын т.б.жайлы деректер барын ғалымдарымыз айта бастады. Бұл бөліну емес, керсінше кезінде тарихы жоқ, жабайы халық дегендерге сауатын ашатын дүние. Біз оған қуанайық тек қапа болмайық ағайын!

Қазақты ыдырату амалы!Ол қазақ па қазақ!Қайдан келсе де қайда жүрсе де қаны қазақ!!!Оданда көппен шаталасқаг орысты зерттесін еріккен ғалым сымақ!!!

Қонақ 16 мая

Біз қазір қазақ ұлты деген атқа ие болып,Тәуелсіз Қазақ елін құрып отырмыз. Тәуелсіздіктің дәмін ақырындап тата бастадық. Толықтай тәуелсіз болу үшін бізге қазағымды ана тайпа анадан шықты, мына тайпа мынадан екен деген шатпақтауды қойып,қалыптасып қалған тарихи түсініктерді тоқтатайық, бөлудің қажеті жоқ Орта жүздің. Арғын,Керей,Найман т.б. тайпалық бірлестіктері қазақ халқын ,одан кейін ұлт болып қалыптасуына ықпал еткен тайпалар. Олардың негізгі көне ата жұрты шығыста Моңғол,Алтай,Қытай далалық аймақтарында болғанын ғалымдар дәлелдеген. Бүгінг күні де ғалымдармен оны нақты анықтауда. Бет бетімізбен кетуді қойып, шумер, иран тектес деген сандырақты тоқтатайық. Немене ,шумер иран ерекше тұқым ба? Біздің түркі байырғы жұртымыз кімнен кем ? Миды шірітпей бір арнада тарихи қалыптасқан тоқтамға келетін уақыт жетті. Тек Шыңғысхан туралы тұжырымды қазаққа қарай дәлелдесек дұрыс болады. Бұл тұжырым анағұрлым шындыққа сәйкес.

Өзі аз қазақтың ішіне іріткі салмай тыныш жүрсе екен осы адамдар,осындайларды қалай ұйалмай ойлап табасындар

Қонақ 16 мая

Бұл бөліну емес өзіңді білу. Ал бөлінетіндер баяғыда бөлініп алған олар ашық еш уақытта айтпайды.Осы кейінгі бір екі жылдың ішінде арғындар туралы тағы біреулердің жазғандарын оқыдым. Олар арғын деген сөзді арғы ғұндар деп жазады. Ал қазіргі арғындар қазақстан жеріне Кавказдан келген делінген. Қалай болғанда да бүгінде барлығымыз бір қазақ болып бірігіп отырмыз емес пе? Ал тарихымызды неше қайта өзгертіп өздеріне қалай қолайлы солай қылып жазған отарлаушылар. Сол себепті шындықты, өзіңнің кім екеніңді білу бөліну емес. Мысалы мына ресейліктер паспорттарында өз ұлттарын жазады қазақ, орыс, беларусь, неміс деп одан олар бөлініп соғысып жатқан жоқ қайта бәрі бірігіп қандай мемлекет болы отыр емес пе?

Қонақ 16 мая

Мұндай жаңалықтарды білгеннен ешкім бүлініп кетпейді.

Адам əр нәрсенің тек жақсы жағын көруге тырысу керек.Кім не көргісі келеді соны көреді..

Мейірімді ,мәдениетті ,сауатты болайық халайық.

Қонақ 16 мая

Далбаса бул Казакты болу ушин адейi жасап отыр.мен Аргынмын Кыпшактан тараганбыз.1465 Казак хандыгына деиiн Ногайдын курамында болдык.

Қонақ 16 мая

Аргындар биреулерге унамаган гой! ....жик шыкты еки кулаг вы тик шыкты -деген осы шыгар!!!

шындык ол 17 мая

Аян Накишев деген азамат тарихтын жилигин шагып майын ишкен Аргын азаматы ози мойындап отыр билмесендер боска ашуланбандар жигиттер

Қонақ 17 мая

Бақытжан Кəрібаев деген азамат Аян Нкаишев туралы ойнап айтып отыр. Өйткені Аян Накишев (Нақышев) нағыз аяғын никак ирандық дегенге мүлдем сенбейді

Қонақ 17 мая

Арғын

Қонақ 17 мая

Қазақты жік-жікке бөлгісі келетін тарихшының дəлелі

Қонақ 17 мая

Ассалаумалейкум тарихшы бауырым! Сиз Аргындардан не жаманшлык кординиз?соншалыкты днк-зды ирандыктарга тенестрип. Ел басымыз уш жуздин басын Сары-Арка жеринде бриктирип, кок тумызды көкке котерип журсе, сиз руга болип журсиз. Курметти агайын баурластар руга, жузге болинби, баримиз бир казак болайык.

Қонақ 17 мая

Иран , Ирак дегендер қазақтың жері болған ғой . Мысалы Ирак деген атау қазақтың Ирек деген сөзінен шыққан. Өйткені екі өзен арасында орналасқан . Сириянын қазақша аты - Шам . Бұл жерлерде әлемде бірінші , ен ежелгі цивилизация - турктілді Шумер мемлекеті болған. Арғындар сол Шумерлерден тараған ғой тегі .

Қонақ 18 мая

Мен Арғынмын. Бірақ мына пікірмен келіспеймін.Мен Қазақпын

Қонақ 19 мая

Мен сонау 1960 жылдардан бастап қазақ халқының шежіресін жинап жүрмін. Қазақ атамыздың Ақарыс (ұлы жүз), Жанарыс (орта жүз), Бекарыс (кіші жүз) деген үш баласы болыпты. Соның Жанарысынан - Арғын, Қыпшақ, Керей, Уақ, Найман, Қоңырат тайпалары тарайды. Арғынның қызынан туған Тарақты да жетінші тайпа болып қосылады. Арғын бабамыз Жанарыстың ең үлкен баласынан тараған ұрпақ болғандықтан Орта жүздің халқы арғындарды "Арғын аға баласы" деп ерекше құрметтейді. Біздің ата-бабамыз осындай шежіре жазып қалдырған. Арғындардың түбі қайдан шыққанын біз де біраз зерттеп көрдік. Арғындардың түбі Нұқ пайғамбардың үшінші баласы (біріншісі - Сам, екіншісі - Қам, үшіншісі - Иапес) - Иапеске барып тіреледі. Иапестің бергі жағында Ғұн, Түрік тұрғанын атап өтуге болады. Жоғарыдағы мақаланың иесі - Марал Томпиев деген біреу малтасын езген екен. Езе берсін. Оның былшылы кімге керек. Жауап жазушы - Жұмкен.

Сіздің пікіріңіз,

[X]