Головкин Майқұдықтың балаларына спорттық кешенді сыйға тартады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Майқұдықтың балаларына спорттық кешенді сыйға тартады

Головкин Майқұдықтың балаларына спорттық кешенді сыйға тартады

Майқұдықтың 14 ықшам ауданында балаларға арналған спорттық алаң ашылатын болды. Оны Геннадий Головкин өз қаражатына салып бермек.

  • 8 Маусым 2017
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы спортшы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Президент «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде «Туған жер» бағдарламасын жариялаған болатын. Ол бизнесмендер мен табысты адамдарды туған жерлерін көркейтуге үндейді. Біреу мектеп салса, біреудің аулаларды жөндеп беруге мүмкіндігі бар екенін айтты. Көпшілік тарапынан бұл іс қолдау тапты», – дейді спортшы.


Осы орайда ол өзінің де осындай игі істен тыс қалмайтынын айтты.

«Бұл өте тамаша бастама. Мен де бұл бағдарламаны қолдаймын. Өзім тұрған аулада балалар ойнайтын спорттық кешен салып беремін. Президентіміздің осы игі ісіне толықтай қосыламын. Майқұдықтағы 14 шағын ауданда келесі аптада балаларға арналған жаңа спорттық алаң ашылатын болады», — деді Геннадий.

Соңғы жаңалықтар