Головкин мен Альварес тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Альварес тең түсті

Головкин мен Альварес тең түсті

Бүгін WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) көптен күткен жекпе-жегін өткізді. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылған бокс кешінде Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасып, орта салмақтағы үздіктердің үздігін анықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2017
  • 320
Фото - Caravan.kz

Жерлесіміз бірінші раундтан бастап шабуылға көшіп, мексикалық боксшыны қыспаққа алды. Алайда Альварес те қарап қалған жоқ, артқа шегінсе де, қарымта соққыларын жасап жүрді. Кейінгі раундтарда екі боксшы да әдемі соққыларын дарыта білді. Джебтер де, аперкоттар да жасалды. Бесінші раундта Головкин өз қарсыласын бұрышқа тіреп, сериялық соққыларын жасады. Алайда Альварес түк болмағандай басын шайқап жүрді. Сосын алға қарай атылып, шабуылға ұмтылды. GGG оны тағы да бұрышқа қарай тықсырды.

"Канело" қарымта шабуылдармен жауап беріп отырды. Головкиннің барлық джебтері діттеген жеріне жетті. Альварес болса, бірнеше ауыр аперктотын жасап үлгерді. Ал оныншы раундта GGG ауыр екі соққыны өткізіп алды.

Дегенмен, бірден жинақталып, өз шабуылын жалғастырды. Соңғы раундта мексикалық боксшы өз қарқынын үдетті. Сериялық соққыларын да іске асыра білді. Алайда Головкин де қайтқан жоқ. Барлық соққыларды қабылдап, ашық бокстасуға шақырды.

 Сөйтіп, толық 12 раунд бойы бокстасып шықты. Айта кетейік, аталған жекпе-жекті Геннадий Головкин ғана емес, барша бокс жанкүйерлері ұзақ күтті.


Ал осыдан екі жыл бұрын "Канело" танымал боксшы Мигель Коттоны жеңіп, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанда Головкинді өзі жекпе-жекке шақырды. Дегенмен, артынан бұрынғы промоутерлік компаниясы арасындағы сот дауын сылтауратып, өз уәдесін орындауды ұзартып жіберді. Сол кезде WBC ұйымы оны GGG-ге қарсы жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Альварес көп ұзамай, чемпиондық атақтан бас тартты. Сол үшін мексикалық жанкүйерлердің қаһарына ұшырады.

Ал Геннадий Головкин WBC белбеуін жекпе-жексіз иемденді. Биыл "Канело" қазақстандық боксшыны екінші рет ресми түрде жұдырықтасуға шақырып, өз сөзінде тұрды.

Алайда бұл жекпе-жекте WBC атағы үшін таласпайтынын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, төрешілер шешімі бойынша екі боксшы да тең түсті.

Соңғы жаңалықтар