Головкин қазаққа несімен ұнамайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин қазаққа несімен ұнамайды?

Головкин қазаққа несімен ұнамайды?

Головкин дегенді естігенде, көп қазақ ішкен асын жерге қояды. Шынымен де қазақ тарихында одан асқан ұлы спортшыны табу өте қиын. Алайда бүгін дәстүрлі мақтау сөздерді былай қойып, GGG туралы басқаша сөз қозғаймыз.

  • 13 Қыркүйек 2017
  • 21083
Фото - Caravan.kz

Былай қарап отырсақ, қазақ баласына Головкин бейнесінде не ұнамауы мүмкін?

Әлем чемпионы, кәсіпқой бокстағы жаһандық үздік спортшылардың бірі, жүрген жерінде қазақ елінен шыққанын айтып жүретін, сонымен қатар, әлі бір де бір рет жеңіліп көрмеген рекордшы. Оны жақтырмауға, немесе одан ары жек көруге қандай себеп болуы мүмкін?

Біз бұл сұраққа да жауап таптық. Caravan.kz медиа порталы Канело мен Головкин арасындағы «жыл кездесуі» қарсаңында Гена есімді батырымыздың қазақ жанына ұнамайтын жерлерін табуға тырысты.

Yvision.kz атты блогерлер жиналатын отандық «виртуалды дөңгелек үстелде» осыдан 1 жыл бұрын келесідей ой айтылған болатын:

«Мен қазақпын. Қазақ бола тұра неге Головкинді жақтырмаймын дейсіз ғой. Ал мен жауап беремін.  Ол біздің Майқұдұқтың қарапайым баласы еді. Ал қазір ол Майқұдұғын да, елін де ұмытып, сонау АҚШ-та өмір сүріп, жаттығуларын сол жақта өткізеді.

Оны барлығы ұмытып кеткен секілді. Уикипедияны ашсаңыз ,танымал боксшылар туралы ақпарат деген жерде мынаны көресіз:

1. Юбенк. Туған жері: Хов, Суссекс. Тұрғылықты жері: Брайтон, Суссекс.

2. Котто. Туған жері: Кагуас, Пуэрто-Рико. Тұрғылықты жері: Кагуас, Пуэрто-Рико.

3. Мейвезер. Туған жері: Мичиган. Тұрғылықты жері: Лас-Вегас.

4. Альварес. Туған жері: Гвадалахара. Тұрғылықты жері: Гвадалахара.

5. Головкин. Туған жері: Қарағанды, Қазақстан. Тұрғылықты жері: Лос-Анджелес.

Осыдан кейін ол бізге қандай отандас? Оның үстіне күшті деген боксшылардан үнемі қашып жүреді. Менсінбеймін оны, бір сөзбен» , — деп жазады vatnik есімді блогер.

Одан бөлек, 2015 жылы Сербияда Ұлттық суперкубокты жеңіп алған қарағандылық боксшы қыз Аида Әбікеева Гена туралы былай деп айтқан:

"Мен оны үлгі тұтпаймын. Головкиннің бокстасу тәсілі маған ұнамайды.  Рой Джонс бір орнында тұрмайтын, ширақ қимылдайтын боксшы. Сондықтан барынша Джонсқа ұқсап бокстасуға тырысамын»,- деп bnews.kz порталына жауап берген боксшы қыз.

Осыдан бір жыл бұрын қазақстандық бокс ардагерлері Кеңесінің төрағасы Мүсілім Дайырбеков "Время" газетіне берген сұхбатында Головкинді мықты боксшы ретінде санайтынына қарамастан, оның шынайы кәсіпқой деңгейі аса жоғары еместігін айтқан.

Мүсілім ДайырбековМүсілім Дайырбеков

«Менің бокста жүргеніме 60 жыл болды. Әрине, Гена – керемет спортшы, Қазақстан туын халықаралық деңгейде көтеріп жүрген мақтанышымыз. Алайда, мен қазір өрістеп кеткен «головкиномания»-ны түсінбеймін.  Қалай дегенімен де, ол өзінен деңгейі әлдеқайда төмен боксшылармен кездесіп, бес раундтың ішінде олардың біт-шітін шығарады. Спектакльге тән ұят нәрсе, — деп айтқан Дайырбеков. – Қарағандыда спорт кешеніне Головкиннің аты берілмек. Олай болмайды, әр нәрсенің шегі болуы тиіс.

Дайырбеков мырзаның әңгімесінен бөлек тағы бір қызық жайт. Әлем ареналарындағы шабытты шайқасының арқасында абыройы «Шалқұйрық» шабыспен заулаған Генамыз біздің бүгінгі мақтанышымыз. Оның әрбір жеңісі Қазақстанның кезекті жарнамасы десе де болғандай. Кәрі құрлықтың жасы да кәрісі де Қазақстанның саяси картасын білмеседе Генадийдің «Made in Kazakhstan» екенін біледі. Мемлекетаралық деңгейдегі спортшымыз Мемлекеттік рәміздеріміздің Еуропадағы насихатшысы.

Осындай салиқалы ойды бастап, qamshy.kz порталы Головкиннің шапаны жайлы әңгіме қозғады.

Шу шығарған Головкиннің шапаныШу шығарған Головкиннің шапаны

«Еуропа Қазақстанды өз санасында жасаған жалған бейнесін Бораттай боркеміктермен емес болаттай берік балуандары арқылы тани бастады. Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жарайсың Гена! Әңгіме ауаны басқада. Исі қазаққа «иілмес батыр» ретінде танылған боксеріміздің иығына жамылған шапанын қазақтікіне ұқсата алмай-ақ қойдық. Жарыс сайын жауырынан қонақтаған шапанның назар жыға қараған адам пошымы өзіміздікі болғанымен «пошиві» өзгенікі екенін аңдайды. Шапан жағалай қонған ою-өрнектердің қазақ қолөнеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Нақтысы қай ұлттың дүниесі екені танымасақ та қазақтікі емес екенін ажырата алар сауаты бәрінде болуы керек» , — дегеннен кейін интернет желісінде қызу пікірталас басталды.

«Шынымен бұл қай ұлттың шапаны болды екен? Іздей келе таптық. Сөйтсек өзбек өз ағамыз екен. Бірақ бұл шапан Генаның иығына қалай жабылғаны беймәлім», — деді сол кезде жұртшылық.

Осылай GGG барша халыққа 100 пайызды батыр ретінде көріне бермейтініне көзіміз жетті. Кім білер, Канелоны жерге құлатқаннан кейін, жоғарыда сын көзбен қараған кісілер өз ойың өзгертетін де шығар. Бізге тек қана батырымызға жеңіс тілеп, алдағы қиын кездесуде сәттілік тілеу қана қалады.

Соңғы жаңалықтар