Головкин жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты

Головкин жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы бүгінгі жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин өз жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2017
  • 235
Фото - Caravan.kz

Өз сөзінде GGG мексикалықтарды ұлттық мейрамдарымен құттықтап, бокста мексикалық стильді ұстанатынын тағы бір мәрте мәлімдеді. Осыдан кейін қазақстандық жанкүйерлеріне алғысын білдіріп: "Рақмет, жігіттер!", — деп өзінің ыстық сәлемін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі жекпе-жекте екі боксшы тең түсті. Геннадий Головкин алғаш рет қарсыласымен тең түсіп отыр. Соған қарамастан, GGG барлық белбеулерін сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екен жеткізді

Айта кетейік, WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қазақстандық фанаттары өз жерлесіне қолдау көрсету мақсатында шеру ұйымдастырды. Аталған шара АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. 


 

Соңғы жаңалықтар