Google смартфондарға экранға қанша адам қарап тұрғанын санауды үйретті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Google смартфондарға экранға қанша адам қарап тұрғанын санауды үйретті

Google смартфондарға экранға қанша адам қарап тұрғанын санауды үйретті

Google компаниясы смартфон экранына қанша адам қарап тұрғанын анықтауға көмектесетін бірегей технология ойлап тапты.

  • 30 Қараша 2017
  • 184
Фото - Caravan.kz

Аталған технология келесі аптада таныстырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Quartz басылымына сілтеме жасап.

Бейтаныс адамдар смартфоныңызға ұзақ үңіліп қараған кезде, Google браузерінде хат алмасу тоқтап, сізге ескерту хат жіберіледі. Уақытша «Экранды электронды қорғау» деп аталатын технология телефон фронтальды камерасының көмегімен жұмыс істейді. Бұл жүйе кез келген жағдайда іске қосылып, адамның телефонға үңіліп қарап тұрғанын 2 миллисекунд ішінде анықтайды.

Басылымның хабарлауынша, технология ресми түрде келесі аптада Калифорнияда өтетін конференцияда таныстырылады. Аталған конференция желі нейрондарына арналған. Ал әзірге Google ресми мәлімет беруден бас тартып отыр.


Соңғы жаңалықтар