Имамдар мешітте әмиян ұрлаған адамды видеоға түсіріп, ұстап алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Имамдар мешітте әмиян ұрлаған адамды видеоға түсіріп, ұстап алды

Имамдар мешітте әмиян ұрлаған адамды видеоға түсіріп, ұстап алды

Мешітте әмиян ұрлаған адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Ер адам намаз оқуға келгендерді тонап кетіп жүрге

  • 13 Желтоқсан 2016
  • 1285
Фото - Caravan.kz

Мешітте әмиян ұрлаған адам видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Ер адам намаз оқуға келгендерді тонап кетіп жүрген. Осыдан кейін мешіт қызметкерлері оны қылмыс үстінде ұстап алған.

Кадрларда мешіт қызметкерлері ер адамнан ақшаны қайда жасырғанын көрсетуді сұрайды. Ол кілемнің астынан ұялы телефонды шығарады. Ақша жайлы сұралғанда ер адам ақшаға тиіспегенін айтқан.

Кейін күдікті арнайы бөлмеге кіргізіліп, одан жауап алынады. Сөйтіп, саусақ ізін тіркеу үшін ұялы телефонды ұстауын талап етеді. Ер адамды полицияның ұстаған-ұстамағаны әзірше белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматыдағы Жансүгіров көшесіндегі мешітте болған.


Соңғы жаңалықтар