Интерактивті тақта балалардың көру мүмкіндігін нашарлатып жіберген - Қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интерактивті тақта балалардың көру мүмкіндігін нашарлатып жіберген - Қорғаныс министрі

Интерактивті тақта балалардың көру мүмкіндігін нашарлатып жіберген - Қорғаныс министрі

ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскерге шақырылушылардың көбінде көру мүмкіндігінің нашар екенін айтып отыр. Мұның бәріне мектептердегі интерактивті тақталар кінәлі деген министр ҚР БҒМ басшысы Ерлан Сағадиевке шағымданды.

  • 28 Ақпан 2017
  • 545
Фото - Caravan.kz

"Интерактивті тақта — жақсы құрал. Бірақ, қазір қарулы күштер қатарына шақырту жүріп жатқанда жастардың көбінің көру мүмкіндігінің нашар екені анықталып отыр", — деді министр Жасұзақов Үкіметтегі әріптесі Ерлан Сағадиевке.

Ал, Білім және ғылым министрі болса аса қымбат ақшаға сатып алынған осынау тақталардың расымен де тиімсіз болғанын мойындап отыр.

"Біз биыл тағы 11 мың видео-үштік сатып алмақпыз, ол — проектор, экран және компьютер. Компьютерді біз мектептің сервері ретінде пайдаланамыз және ол интерактивті тақталарды алмастырады. Бұл әрі арзан, әрі денсаулыққа зияны жоқ", — деді Е.Сағадиев.


Соңғы жаңалықтар