Жарияланды: 4800

Іштегі баласы ауыр науқас екенін білсе де оны туып алған анасы 7 айдан соң перзентінен айырылды

Іштегі баласы ауыр науқас екенін білсе де оны туып алған анасы 7 айдан соң перзентінен айырылды Сурет - facebook.com/mayrosegibney

Бұл бір көзге еріксіз жас келтіретін жағдай болып тұр. Анасы іштегі баласының айықпас аурумен өсіп келе жатқанын біле тұра, оны кесаревомен босанып алған. Сөйткен перзенті ауыр науқаспен бірнеше ай арпалысыпты.

Бұл Солтүстік Ирландияда болған. Мэй Роуз Гибни энцефалоцеленің ауыр түрімен туылған. Яғни оның миы басының сыртына шығып кеткен. Оның анасы Анэли қызының ауру боп туылатынын жүктілігінің 20-шы аптасында біліпті. Табиғи жолмен босанудың бала үшін қауіпті екенін ескерткен дәрігерлер оны кесарево тілігін жасатуға жіберген, деп хабарлайды Caravan.kz шетелдік ақпарат құралдарының жазғанына сүйеніп.

Сөйтіп, Мэй Роуз Гибни 9 наурызда дүниеге келді. Содан үйіне шығарылып, ары қарай да көмек көрсетілді. Қыз ауыр жағдайына қарамастан өсіп жатты.

Тамыз айында сәбиге Оксфорд дәрігерлері ота жасаған. Әйтсе де, Анэлидің үміті ақталмады. Мэй осы қазан айында шетінеп кетті. Бір айта кетерлігі, ол 7 ай ғана көрген мына жарық дүниемен қоштасар алдында көзін ашыпты.  

Пікір қалдырыңыз

[X]