ИЫҰ саммитінің басты саяси құжаты - Астана декларациясы қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИЫҰ саммитінің басты саяси құжаты - Астана декларациясы қабылданады

ИЫҰ саммитінің басты саяси құжаты - Астана декларациясы қабылданады

Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің басты саяси құжаты Астана декларациясы қабылданады. Бұл туралы бүгін елорда төрінде басталған Ислам

  • 10 Қыркүйек 2017
  • 329
Фото - Caravan.kz

Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің басты саяси құжаты Астана декларациясы қабылданады. Бұл туралы бүгін елорда төрінде басталған Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Саммиттің басты саяси құжаты — Астана декларациясының қабылдануы бүгінгі жұмыс сессиясының соңына жоспарланған. Ал ғылым және технологияларды дамыту саласындағы Ислам ынтымақтастық ұйымының 2026 жылға дейінгі бағдарламасы атты қорытынды құжат саммиттің екінші күні яғни, ертең қабылданатын болады. Бұл бағдарламаның жобасы кеше өткен министрлер отырысында қабылданып, саммиттің қаулысына ұсынылды», — деді саммиттің жалпы отырысын қорытындылаған Қазақстан Президенті. Қазіргі уақытта саммитке қатысушылар жарты сағаттық үзіліске шықты. Одан кейін өтетін саммиттің бірінші жұмыс сессиясы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың модераторлығымен «21 ғасырдағы қоғам өміріне ғылым ықпалының артуы» тақырыбында өтетін болады.



 

Соңғы жаңалықтар