Кәсіпкерден 5 млн теңге бопсалаған газеттің бас редакторы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерден 5 млн теңге бопсалаған газеттің бас редакторы қамауға алынды

Кәсіпкерден 5 млн теңге бопсалаған газеттің бас редакторы қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында газеттің бас редакторы кәсіпкерден 5 млн теңге бопсаламақ болған. Өзін Мемлекеттік кіріс депатраментіне қарасты экономикалық тереу бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған журналист кәсіпкерге қамқорлық жасаймын деп ақша талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

  • 24 Шiлде 2017
  • 394
Фото - Caravan.kz

Облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, газеттің бас редакторы облыстық прокуратураның жанында кәсіпкерден 100 мың теңгесін алып жатқан жерінен ұсталған.

«Биылғы жылдың 17-ші шілдесі күні Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қызмет басқармасының өкілдері облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып, Муковников Д. А деген азаматтан 100 мың теңге алып жатқан жерінен Өмірәлиев Ғани Бекқожаевичті ұстады. Ол «Қоғамдық бақылау» газетінің бас редакторы бола тұра өзін Мемлекеттік кіріс департаментіне қарасты экономикалық тереу бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған. Тінту кезінде оның қалтасынан 100 мың теңге мен өңірлік Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкері деген жалған куәлік табылды» делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Журналист алаяқтық әрекет жасау мақсатында Муковниковке ойын бизнесіне қамқорлық жасаймын деп, одан бас-аяғы 5 млн теңге талап еткен. Қазіргі таңда 1983 жылы туған азеттің бас редакторы Облыстық ІІБ уақытша тереу абақтысына қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық процесуалдық кодекстің 128-ші бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Айта кетейік, бұл өңірде журналистің бопсалау дерегі бойынша ұсталған бірінші оқиға емес. Бұған дейін республикалық «Әділет» газетінің бас редакторы Қуаныш Ботабеков халықтан қыруар қаражат бопсалады деп айыпталып, 7 жыл 6 айға сотталған болатын. Ол қазір жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар