Кез-келген қазақты тепкілеп алып кететін біздің полицейлердің бір қытайға әлі келмей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кез-келген қазақты тепкілеп алып кететін біздің полицейлердің бір қытайға әлі келмей қалды

Кез-келген қазақты тепкілеп алып кететін біздің полицейлердің бір қытайға әлі келмей қалды

Ғаламторда Қытай азаматының қазақ полицейлеріне бағынбай жатқанын көрсететін видео пайда болды. Тіпті жатжұрттық оларға қол көтеруде. Кез-келген қазақты тепкілеп алып кете алатын біздің тәртіп сақшыларының бұл епсіздігі желі қолданушыларының ашуын тудырып отыр. 

  • 2 Қараша 2017
  • 17064
Фото - Caravan.kz

Бұл бейнежазбаны Youtube-тегі Qazaqstan news қолданушысы кеше жариялады. Онда оқиғаның Алматы облысында болғаны туралы жазылған. Бірақ видеоның қай күні түсірілгені және бұның қандай жағдайда болғаны белгісіз, деп хабарлайды Caravan.kz

Осы бейнежазбаны белгілі заңгер Айгүл Орынбек те өзінің Фейсбуктегі парақшасына салып, оқиғаға қатысты ойын жазды.

"Кеше үндістер қол көтерді, бүгін қытайлар полиция қызметкерлеріне бағынбай отыр. Ертең осы полиция қызметкерлерін "қытайларға неге қол көтересің?" деп қылмыстық іс ашпаса жарар еді. Өз елімізде өзіміз ұлтарақ болып кетпесек болғаны. Əшейінде қазаққа əлі жететін полиция қызметкерлері бір қытайға əлдері жетпей жүр. Мына видеоны көріп, елімнің болашағына қауіпсіздігіне алаңдап отырмын" дейді А.Орынбек.


Соңғы жаңалықтар