Халық банкінен қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен тұрғынды автомат асынған күзетшілер алып кетпек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкінен қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен тұрғынды автомат асынған күзетшілер алып кетпек болды

Халық банкінен қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен тұрғынды автомат асынған күзетшілер алып кетпек болды

Оқиға Алматы қаласындағы Халық банкі бөлімшелерінің бірінде болса керек.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 5744
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етуден басталған келеңсіз оқиға жайлы видеоны әлеуметтік желіге Асхат Демократ есімді адам жүктепті.

Ол өз басынан өткен оқиғаны былайша баяндаған:

Бүгін халық банкіне кіріп аяқ астынан айғай шу боп кеткенін айтсаңшы. Бұл кассирге «неге мемлекет тілінде маған қызмет көрсетпейсіз, үлкен, дап-дардай кісісіз» десем бір пəлеге қалдым. Суретке түсіріп алсам күзет жүгіріп келіпті. Өшір суретіңді деп қоймады. Менің құжатымды алып, қайтаратын ойы жоқ. Содан кейін күзетті шақыртып, олар бронежелетпен, мойындарында автоматтар, мені алып кетпек болды. Масқара! Қалай ел боламыз? Қалай мемлекет боламыз?


Posted by Асхат Берсалимов on Friday, December 1, 2017

Соңғы жаңалықтар