Көлікке арнайы құрылғылар орнатқаны үшін салынатын айыппұлдар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікке арнайы құрылғылар орнатқаны үшін салынатын айыппұлдар

Көлікке арнайы құрылғылар орнатқаны үшін салынатын айыппұлдар

Қазақстанда көліктеріне арнайы жарық және дыбыс құрылғыларын орнатуға рұқсат етілген, сондай-ақ ерекше графикалық түске бояуға болатын жедел және арнайы қызметтер бар.

  • 28 Ақпан 2017
  • 397
Фото - Caravan.kz


Ал бұл қызметтерге қарасты емес көліктерге мұндай құрылғылар орнату үшін түрлі айыппұлдар белгіленген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми сауалға жіберген жауабына сүйеніп.

Аталған жедел және арнайы қызметтерге: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының, азаматтық авиация саласы органдарының жедел қызметі, апаттық қызмет, жедел жәрдем, жекеменшік күзет ұйымдарының және көліктік бақылау органдарының жылжымалы бақылау-өткізу пунктерінің жедел әрекет топтары, ҚР Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті кіреді. Аталған қызмет көліктеріне арнайы жарық және дыбыс құрылғыларын орнатуға рұқсат алу үшін әкімшілік полицияның аймақтық бөлімшесіне өтініш жазу керек. Ал өзге көліктерге мұндай құрылғыларды орнату ҚР Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексі 603-бабының 2-тарауына сәйкес келесідей айыппұлдар салынады: жеке тұлғаларға 25 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйым субьектілеріне 100 АЕК,  орта кәсіпкерлік субьектілеріне 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 2 000 айлық есептік көрсеткіш түрінде және аталған құрылғылар тәркіленеді. 
 

Соңғы жаңалықтар