Көптеген қазақ қыздарының пәктігі шетелдіктерге аукцион арқылы сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көптеген қазақ қыздарының пәктігі шетелдіктерге аукцион арқылы сатылып жатыр

Көптеген қазақ қыздарының пәктігі шетелдіктерге аукцион арқылы сатылып жатыр

Интимдік қызметтің халықаралық нарығында қазақ қыздарының құны өсіп тұр. Шетелдіктер, әсіресе, пәк бойжеткендерімізге үш есе артық төлеуге дайын. Ал біздің жігіттер пәктігін ұсынғандарға пысқырып та қарамайды екен.

  • 20 Қазан 2017
  • 4903
Фото - Caravan.kz

Қыздардың пәктігін сататын халықаралық сайттардың анкеталық базасында Қазақстан әжептәуір орын алады. Өйткені біздің бойжеткендерге шетелдіктер тарапынан сұраныс көп. Олар қазақ аруларын экзотикаға балап, бұл үшін жоғары құн төлеуге дайын, деп жазады «КАРАВАН» газеті.

Мысалы, First-night интимдік қызмет агенттігі Қазақстаннан, анығырақ айтқанда, Алматыдан қыздарды жеткізіп беретінін ашық хабарлап отыр. Мекен-жайы Мәскеу деп көрсетілген бұл мекеме Қазақстан, Ресей және Украинадан бойжеткендерді жинайды екен.

«Әр клиентімізге 100 пайыз құпия болатынына кепілдік береміз. Алматыдан қыздың пәктігін бүгін сатып алып, өміріңізді керемет етіп өзгерте аласыз. Бұл бірегей, қымбат, тиімді. Мұндай әдемі әсерді басқа еш жерден таппайсыз!» деп жазыпты агенттіктегілер.

Олар тіпті аукцион өткізеді. Ал картиналардың орнына Карина, Марина, Мәдиналар қойылады. Кім көп ақша берсе, «табиғи өнімді» сол алады. Аталған мекемедегілер пәк қыздарды іздегенде де, оның тиімділігін бойжеткендерге әсерлі етіп жеткізе біледі:


«Пәктігін сатқан қыздар күшті мүмкіндіктерге ие болады. Пәтерге, оқуына, көлікке, шетелге саяхаттауға, демалысқа, қымбат заттар алуға ақша табады. Сондай-ақ, әдемі әрі бай жігітпен таныса аласыз. Олар сізге тағы сыйлықтар беріп, сізді есіне алып тұрады, тіпті үйленуі мүмкін».

Қазақстаннан жеткізілетін «экзотика» орташа бес мың доллар шамасында болады екен. Ал біздің қыздар Германия мен АҚШ-та жоғары сұранысқа ие.  

Соңғы жаңалықтар