Корея президенті: Қазақстанда кәрістерді “төртінші жүзге” жатқызады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Корея президенті: Қазақстанда кәрістерді “төртінші жүзге” жатқызады

Корея президенті: Қазақстанда кәрістерді “төртінші жүзге” жатқызады

Аталған күнге орай Қазақстанға Кореядан арнайы меймандар келді. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай іс-шараға қатысушыларға арнап ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хатын оқыды.

«Құрметті отандастар, кәрістердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толған мерейлі мерекемен Сіздерді құттықтаймын. Сіздер төзім мен еңбектің арқасында, ынтымақ пен қазақ халқына түскен қиындықты бөлісе білген бірліктеріңізбен ауыртпашылықты көтере білдіңіздер. Бүгінде кәріс этносы- тұтас Қазақстанның ажырамас бөлігі, ал оның өкілдері Қ

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 601
Фото - Caravan.kz


«Құрметті отандастар, кәрістердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толған мерейлі мерекемен Сіздерді құттықтаймын. Сіздер төзім мен еңбектің арқасында, ынтымақ пен қазақ халқына түскен қиындықты бөлісе білген бірліктеріңізбен ауыртпашылықты көтере білдіңіздер. Бүгінде кәріс этносы- тұтас Қазақстанның ажырамас бөлігі, ал оның өкілдері Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми саласына өлшеусіз үлес қосып келеді. Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы еліміздің бірлігіне қызмет ететін азаматтық қоғамның тиімді институтына айналды. Тарихи отанымен қарым-қатынасын сақтай отырып, кәріс этносының көптеген өкілі осы әлеуеттерін Қазақстан мен Кореяның әріптестігі мен ынтымағын арттыруға жұмсап келеді», -делінген елбасы хатында.

Бұдан кейін қонақтарға Корея президентінің видео жолдауы көрсетілді.

«Қазақстан мен Кореяның достығын нығайту жолында Сіздер аз күш жұмсаған жоқсыздар. Мен Сіздермен мақтанамын. Қазақстанда кәрістерді құрметтейді, тіпті «төртінші жүзге» жатқызады. Мен мұны Қазақстанға жер аударылған алғашқы буынның еңбегінің әрі Қазақстанның толерантты саясатының нәтижесі деп есептеймін. Кәріс диаспорасының алғашқы буынына, әрі Қазақстан Президентіне алғысымды білдіремін. Олардың өткені, сол жылдардағы қиындықтарды еңсере білген Қазақстанның да, Кореяның да мақтанышы. Қазақстанда Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғалардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Корея Республикасы оны ешқашан ұмытпайды, Сіздер сол тарихтың тірі куәгерісіздер. Біз Сіздердің ұлттық тұтастықтарыңыздың сақталуына белсенді қолдау көрсететін боламыз. Бүгінгі мереке өткен күннің естелігі, жарқын болашақтың үміті болсын деп тілеймін. Корея халқының атынан сәлемімді қабыл алыңыздар», – деді Корея Республикасының президенті Мун Дже Ин бейнежазбада.

Соңғы жаңалықтар