Күйеуі пышақтаған Баян Есентаева есін жиды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйеуі пышақтаған Баян Есентаева есін жиды

Күйеуі пышақтаған Баян Есентаева есін жиды

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаева есін жиды. Дәрігерлер оның жағдайының тұрақты екенін айтып жатыр.

  • 11 Маусым 2016
  • 1669
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “informburo.kz” хабарлайды.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы бұдан өзге ақпарат бермеді.

Баян Есентаева маусымның 10-ы күні сағат 12:55 шамасында Талғар қаласының ауруханасына жеткізілген. Ол бас-ми жарақатын алып, мұрны сынып, кеуде тұсынан пышақталған. Оған ота жасалып, дәл қазір жан сақтау бөлімінде жатыр екен.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы Асхан Байдуәлиев Bnews.kzпорталына берген сұхбатында продюсердің ішегін тіккенін айтты. Айтуынша, басында қанды ісік жоқ, бірақ жәй ісіну бар. Мұнымен қатар, Баян Есентаеваның ес-түссіз жеткізілгенін хабарлады.


“Әзірге бір нәрсе айту әлі ерте. Оның жағдайы тұрақты-ауыр. Дәрігерлеріміз кеше оған ота жасады. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр”, – дейді Алматы облысының бас дәрігері Асхан Байдуәлиев.

Маусымның 10-ы күні Талғар ауданынның жанармай бекетінде Баян Есентаева мен күйеуінің арасында түсініспеушілік болғаны расталды. Соңында жолдасы продюсерді соққыға жығып, бірнеше жерден пышақтаған.

Алматы облысы ІІД Бақытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық тергеу жұмыстарының жүргізілгенін растады. Ал Баян Есентаеваның орнынателефоннан белгісіз әйел журналистерге жауап беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар