Ләйлә Сұлтанқызын өлтіру үшін Ресейден киллер жалданды - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызын өлтіру үшін Ресейден киллер жалданды - журналист

Ләйлә Сұлтанқызын өлтіру үшін Ресейден киллер жалданды - журналист

 Журналист Тоқтар Жақаш продюсер туралы қызық мәлімет жазды,

  • 8 Қараша 2017
  • 14421
Фото - Caravan.kz

Жазбаны журналист өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Лəйлə Сұлтанқызын біраз жерге «апарып тастапсыздар» ғой. Көрмей қалыппын. Айтарым — алдымен Лəйләның қазақ үшін жасаған жақсылықтарының ең болмаса біреуін жасаңыздаршы. Сонда, біздің қоғам анағұрлым бауырмал, анағұрлым мейірімді болатын шығар. Рас, Лəйләнің жолдасы — менің досым. Сыныптасым. Бір-біріміздің мінез-құлқымызды тамаша білеміз.

Қайрат Беркінбаев Оңтүстік халқына танымал, абыройлы азамат. Туған ауылына бір орта мектеп пен бір балабақша салып, ішін жиһазбен толтырып, мемлекетке өткізген. Бұл еңбекке Лəйләнің да қосқан өлшеусіз үлесі бар екені даусыз. Қайрат пен Лəйлә жыл сайын жаңа оқу жылында əлгі мектеп оқушыларын жаңа оқу құралдарымен, сөмкемен қамтамасыз етеді.

Түрлі мейрамдарда ауданға келіп, жоқ-жітіктерге сыйлықтар үлестіреді. Қаржылай қолдау көрсетеді. Жаз айларында ауданның үздік оқушыларын еліміздің түрлі өңірлерінде дем алдырады. Бұл қызметтері үшін елдің ақ батасына кенелген. Олай жасамаса да ешкім ештеңе демес еді. Бірақ олардың елге, жерге деген көңілі ерекше», — деген ол сыныптасының басынан өткен сұмдық жайттың да басын ашты.

Қайсыбір жылы Қайраттың жұмысында өте үлкен келеңсіз оқиға болды. Айналымдағы қаржысын бір түнде үптеп кетті. Ол аздай, тонаушылар ізін жасыру ниетімен ерлі-зайыптының көзін жою үшін Ресейден киллер жалдады. Үйді күндіз-түні күзеткен СОБРдың жігіттері киллерді қолға түсірді.


Басқа адамдар мұндайда не боларын бір Алла біледі. Ал Қайрат пен Лəйла сыр берген жоқ. Астанаға көшіп, ипотека төлеп отырса да ауылға бұрынғыдай барын үлестіріп келеді. Мұндай үлкен жүрек адамның адамына ғана бұйырған шығар деп кейде таң қалам», — деп жазды Тоқтар Жақаш.

Соңғы жаңалықтар