Латын әліпбиіне көшкенде қазақша әріптерімізден айырылып қалмауымыз керек – филолог - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латын әліпбиіне көшкенде қазақша әріптерімізден айырылып қалмауымыз керек – филолог

Латын әліпбиіне көшкенде қазақша әріптерімізден айырылып қалмауымыз керек – филолог

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жайы қазіргі таңда қоғамда кең талқыланып жатыр. Ғалымдар жаңа қаріпке көшкенде қазақша әріптерден айырылып қалмауымыз керек деп отыр.

  • 14 Сәуiр 2017
  • 596
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Л.Гумилев атындағы ЕУҰ жанындағы Түркітану, алтайтану ҒЗИ директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы Baq.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты. 

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі – толғағы жеткен дүние. Осыдан 4-5 жыл бұрын латын әліпбиінің қайсысына көшуіміз керек, қандай әріптерді алуымыз керек, қазақ тілінің тілдік артикуляциясы, оның ерекшелігіне байланысты әріптерді қалай белгілеуіміз керек деген мәселе көтерілген болатын. Осы мәселеге аса үлкен мән беруіміз қажет. Қазір түріктер «ң»-нан айырылып қалды. Бізде «ң» мен қоса, «ә» әрпінің де мәселесін шешу керек. Ол үшін «а» әрпінің үстіне екі нүкте қою ұсынылып жатыр. Осы себептен, бізге дұрыс айтып, дұрыс түсініп, ұлттық құндылығымызды әрі қарай сақтап қалу үшін әлі де көп жұмыс істеу керек», — деді маман.

Профессордың айтуынша, деректердің сақталуында ешқандай проблема болмайды. Бір-ақ кнопкамен бұрынғы дүниені латыншаға айналдыра салуға болады, дейді ол.

«Бұл техника шыққан. Мысалы, қазір Қытайдың пәленбай мың иероглифі бір кнопкамен ғана латынға ауыстырылып, хаттар жазылып жатыр. Бұл оңай нәрсе. Біздің дәуірімізде бұл мәселе шешімін тауып қойған. Одан еш қорқудың қажеті жоқ», — деп сендірді Қ.Сартқожаұлы.

Маман танымал фонетик Әлімхан Жүнісбектің латын әліпбиін қазақ тілінің артикуляциясына дәл келетіндей етіп жасағанын айтып, ғалымның әліпбиін алуды ұсынды.

«Әлімхан таза ғылыми тұрғыда жазған. Оның еңбегі біздің ұлттық дүниемізге сай келеді. Елімізде қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігін бұл кісіден артық білетін, одан артық зерттеген адам жоқ», — деді Қаржаубай Сартқожаұлы.

Профессордың айтуынша, латын әліпбиіне көшу – әлемге шығуға мүмкіндік береді. Әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды, технология мен ғылымның, басқа салалардың жаңалықтарын тұрақты алып тұруға септігін тигізеді.


«Ал қазақ тіліне келетін болсақ, ана тіліміздің қандай да бір ғылымды еркін алып жүретін сөздік қоры бар. Біздің ғалымдарымыз қазақ тілінің жазба тілін, әдеби тілін қалыптастырды. Еліміздің лингвист ғалымдары керемет дүние жасаған. Оны бағалауымыз керек. Қазір өзбектер, қырғыздар әдеби тілді қалыптастыра алмай жүр. Өзбектер түркі халқы бола тұра, көбінесе парсы сөздерін алады», — деді маман.

Оның айтуынша, латын қарпіне дүние жүзіндегі түркі тектес елдердің басым көпшілігі көшіп кеткен. Солардың ішінде қазақ пен қырғыз ғана көше алмай отыр, өзбектер де ауысқан. Сондай-ақ, Ресей құрамындағы түркі тектес халықтар – чуваштар, татарлар, башқұрттар мен Сібірдегі ұсақ ұлттар көше алмай отыр.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшкені дұрыс», — деп ойын қорытындылады Қаржаубай Сартқожаұлы.

Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру керектігін айтқан болатын.

Деректердің сақталуына қатысты тарихшы да пікірін білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар