Лилия Рахтың ісі бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот талқысын жабық өткізуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лилия Рахтың ісі бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот талқысын жабық өткізуді сұрады

Лилия Рахтың ісі бойынша айыпталушылардың адвокаттары сот талқысын жабық өткізуді сұрады

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Лилия Рахтың ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

  • 17 Қазан 2016
  • 522
Фото - Caravan.kz


Істі қараушы Алмалы аудандық сотының төрағасы Қуаныш Әріпов талапқа сәйкес, айыпталушылардың тегіне, өмірбаянына қатысты сұрақтар қойды. 

Айыпталушылардың адвокаттары судьяға басты сот талқысын жабық өткізу туралы өтінімхаттарын тапсырды.

Сот тыңдауында жәбірленушінің адвокаты Ермек Дерябин өзінің қорғауындағы азаматтың айыптау шешімінен бас тартпайтынын және өзін қазіргі уақытта жақсы сезінетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, алматылық сәнгер Лилия Рахтың ұсталғаны бұған дейін хабарланған болатын. Оны адам ұрлады деп айыптаған болатын.

Оған қатысты қылмыстық іс 28 қыркүйекте Алмалы аудандық сотына түскен. 

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен.

Кешенді тексеру шаралары барысында айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде жасаған әрекетінің арқасында жәбірленуші қамалған мекенжай анықталып, аман-есен бостандыққа шығарылған. 

Осы іске қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар: Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Месиров және Бахыт Шалбаев.  

Лилия Рах, 1962 жылы туған. Байер, Sauvage бутигінің және «Люкс» дәрежелі бірнеше дүкен иесі.

Соңғы жаңалықтар