Лондондағы теракт кезінде депутат полицейді аман алып қалуға тырысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондондағы теракт кезінде депутат полицейді аман алып қалуға тырысқан

Лондондағы теракт кезінде депутат полицейді аман алып қалуға тырысқан

Консервативтік партия мүшесі Тобиас Эллвуд лаңкес жаралаған полицейге жасанды жолмен тыныс алдырып, жарасын таңуға тырысқан, - деп хабарлайды Life.ru.

  • 23 Наурыз 2017
  • 380
Фото - Caravan.kz


Дегенмен жаралы полицей тым көп қан жоғалтқан. Сонымен бірге, Эллвуд жедел жәрдем келгенше полицейдің қасында болды. Тобиас Эллвуд бұрындары Британия әскерінің офицері болғаны белгілі. "Бұл үлкен қайғы. Дәрігерлер келгенше қанды тоқтатып, жасанды жолмен тыныс беруге тырыстым, бірақ, ол тым көп қан жоғалтқан сияқты. Оның денесінде жарақат көп болды," — дейді депутат. Соңғы мәліметтер бойынша, Лондондағы теракт кезінде шабуылдаушыны қосқанда бес адам мерт болды және 40 шақты адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар