Маңғыстау облысында 200 ден аса итбалықтың өлексесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 200 ден аса итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында 200 ден аса итбалықтың өлексесі табылды

Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қалалық жағажайынан, су жағасына шығып қалған 245-ке жуық итбалықтардың өлекселері табылды.

  • 26 Сәуiр 2017
  • 329
Фото - Caravan.kz


Осыған байланысты ҚР АШМ ОШЖДК Маңғыстау облыстық орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, Түпқараған ауданының ветеринария қызметінің және Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінен құралған оперативті топ оқиғаның орын алу себебін анықтауда.

Теңіз жануарлары өлген жердің суы мен топырағынан сынамалар алынып, арнайы зертханада тексеріп жатыр. Сонымен қатар, Каспий итбалығының сандық динамикасын зерттеп, оның популяциясына қатер төндіретін факторларды кешенді бағалау үшін «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің және Гидробиология және Экология институтының мамандарымен бірлесіп, Инспекция қызметкерлері Дурнев аралына экспедиция ұйымдастыруда. Осы жылдың 16 сәуірі мен 18 мамыры аралығына жоспарланып отырған бұл экспедицияның нәтижесінде, теңіз жануарлары өлімінің нақты себептері жан-жақты зерттеліп және олардың өлім қаупін төмендету бойынша ұсыныстар мен жобалар әзірленеді.

 

Соңғы жаңалықтар