Мемлекеттік құпияны заңсыз жариялады деген күдікпен Майлыбаев қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік құпияны заңсыз жариялады деген күдікпен Майлыбаев қамауға алынды

Мемлекеттік құпияны заңсыз жариялады деген күдікпен Майлыбаев қамауға алынды

Мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері Майлыбаев және Николай Галихин ұсталды, - деп хабарл

  • 16 Қаңтар 2017
  • 685
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері Майлыбаев және Николай Галихин ұсталды, — деп хабарлайды Caravan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аты аталған азаматтарды Астана қаласы, Есіл аудандық соты 14-қаңтарда 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Қазір олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды.Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады, делінген хабарламада.

Николай Галихин Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған көрінеді.


Ал осыған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев 12 қаңтарда қызметінен босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар