Мен Ресейге қарсы шығуға дайынмын - Рамзан Қадыров - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
28 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен Ресейге қарсы шығуға дайынмын - Рамзан Қадыров

Мен Ресейге қарсы шығуға дайынмын - Рамзан Қадыров

Шешенстан басшысы Мьянмадағы болған үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында орын алған қанды оқиғаларға байланысты өзінің ашық пікірін білдірді.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 49476
Фото - Caravan.kz

Өзінің Instagram парақшасында Рамзан Қадыров жұртшылықпен тікелей эфирге шығып, Ресейлік БАҚ өкілдерін айыптады.

«Осы Еуропада бір кішігірім теракт болған күнде бүкіл әлемдік лидерлер мен жаһандық БАҚ өкілдері айғайлатып шығады. Ал бір-екі күнде жүздеген адамдар геноцидқа ұшырып жатқан кезде ешкім ым деуге бармайды.

Егер Ресей ресми түрде мұсылмандарды өлтіріп жатқан шайтандарды қолдайтын болса, мен тіпті Ресейге қарсы шығуға дайынмын.  

Бұл мәселе бойынша мен толыққанды Ердоғанды (Түркия президенті Реджип Ердоған — автор) қолдаймын. Одан басқа мен жанашырлық білдіріп отырған ешкімді көріп отырған жоқпын» ,- деді Шешенстан басшысы.

Еске сала кетейік, Мьянма елінде (бұрынғы Бирма )үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген. Бұл туралы Reuters Мьянма әскеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.


Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы — Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған.