Мешітке келетін қауымға жұмыс табуда көмек көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешітке келетін қауымға жұмыс табуда көмек көрсетіледі

Мешітке келетін қауымға жұмыс табуда көмек көрсетіледі

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, мешітке кел

  • 22 Қараша 2016
  • 564
Фото - Caravan.kz

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, мешітке келетін қауым арасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда белсенді жұмыс жүргізе бастады, деп хабарлайды astana.gov.kz. 

Әр бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарын ұсынады, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары туралы ақпарат береді.

Айта кетейік, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл басынан бері 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, әйелдерді және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер бар. Жұмыспен қамту орталығының мобильді тобы халық көп жиналатын жерлерде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беру шараларын өткізді.


Соңғы жаңалықтар