Мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланған (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланған (ВИДЕО)

Мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланған (ВИДЕО)

Елдің ашуын тудырған қиға Созақ ауданында орын алған.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 475
Фото - Caravan.kz

Аудан орталығы Шолаққорғандағы орталық мешітке құлшылық жасамақ болып келген тұрғын дәрет алып, сұмдық жағдайға куә болды, — деп хабарлайды KazInfo Today ақпараттық агенттігі.

Оқиға дәлелді болуы үшін видеоға да түсірген. Онда дәретхана ішінде Құран кітабының жыртылған парақшалары әжетхана қағазы ретінде пайдаланылғанын байқауға болады. Ашуға булыққан автор бұл жағдайда қайда және кімге шағымдану қажеттігін елден сұрайды.

«Жақындап көрсетудің қажеті жоқ шығар. Құрметті мұсылман, бұл не деген әдепсіздік? Шолаққорған орталық мешітінде дәретхана ішінде құран кітабы. Кімге шағымданамыз? Кім шешеді бұны? Масқара ғой бұл»,-дейді мешітке келген азамат.


Соңғы жаңалықтар