Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Жоқ, бұл Әбілязов берген сұхбатқа байланысты емес. Бұл телекоммуникация желісіндегі техникалық ақау. Мұндай жағдай тоқсан сайын қайталанып тұрады. Тек бұл 16 желтоқсанға тура келіп қа?

  • 20 Желтоқсан 2016
  • 696
Фото - Caravan.kz

“Жоқ, бұл Әбілязов берген сұхбатқа байланысты емес. Бұл телекоммуникация желісіндегі техникалық ақау. Мұндай жағдай тоқсан сайын қайталанып тұрады. Тек бұл 16 желтоқсанға тура келіп қалғандықтан осындай резонанс тудырып жіберді, – деді Абаев сейсенбі күнгі үкімет отырысынан кейін.

Қазақстанда әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігінің шектелуі жұма, 16 желтоқсан күні басталған болатын. Негізінен, жекелеген стационарлық және мобилді құрылғыларда Facebook, Instagram, Twitter, ВКонтакте, YouTube желілері ашылмай қалған. Ал сенбі күні жағдай біртіндеп ретке келе бастайды.


Ал Мұхтар Әбілязов 16 желтоқсан күні Киевте Youtube арқылы тікелей эфирде сұхбат берген. Өз кезегінде Қазақстанның Бас прокуратурасы қашқын олигархтың ісін сотқа дейін жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, бұрынғы банкирді тек Қазақстан ғана емес, Ресей Федерациясы, Европаның бірқатар елдері де іздеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар