Министр Мұхамедиұлы: Жаманқұловты босатуға қолғабыс етуге дайынмын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Мұхамедиұлы: Жаманқұловты босатуға қолғабыс етуге дайынмын

Министр Мұхамедиұлы: Жаманқұловты босатуға қолғабыс етуге дайынмын

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

  • 3 Қараша 2016
  • 961
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген.

"Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (…). Кепіл беруге де дайынмын", — деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

"Соттың ісіне араласуға ешкімнің құқы жоқ, оның кінәсі бар ма, жоқ па — сот анықтайды. Қазіргі уақытта барлық заң нормалары бар, кепілақымен босатады, айыппұл деген бар, осыны да ескереді. Осыған байланысты қолғабыс етуге дайынмын», — деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық
актердің ұсталғаны
хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар